«100 нақты қадамды» жүзеге асыру – баршамыздың мiндетiмiз

«100 нақты қадамды» жүзеге асыру – баршамыздың мiндетiмiз
Фото: okg.kz

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Алтынсары Үмбетәлиевпен мемлекеттiк дамудың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жөнiнде сұхбаттасқан болатынбыз.

– Алтынсары Дүйсенбекұлы, Сiз басқаратын департаментке Ұлт жоспары бойынша қандай мiндеттер жүктелген?

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев жариялаған, Мемлекеттiк дамудың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында салық және кеден саясатына қатысты 37-45-қадамдарда, яғни 9 қадамда, салық және кеден саясатын оңтайландыру, мүлiктi және қаржыны заңдастыру ресiмдерiн оңайлату, кiрiстi және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгiзу, салық декларацияларын қабылдау және өңдеудiң орталық желiсiн құру, сондай-ақ, тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу мiндеттерi қойылып отыр.

– Мүлiктi және қаржыны заңдастыру ресiмдерiн оңайлату туралы не айтасыз?

– Президентiмiздiң салиқалы саясатының арқасында, елiмiзде үшiншi рет, мүлiктер мен қаражаттарға рақымшылық акциясы 2014 жылдың 30 маусымында жарияланды. Осы бағытта жұмыстар жүргiзiлiп жатқандығы және акцияның мерзiмi ағымдағы жылдың соңына дейiн ұзартылғаны баршаңызға мәлiм.

Оқырмандарға айта кететiн жәйт, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлiктердi жария етуге жергiлiктi атқарушы органдарда құрылған комиссияға өтiнiш берiлуi тиiс. Ал, республика аумағынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлiктердi, ақшаны, бағалы қағаздарды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесi туралы жариялау, мемлекеттiк кiрiстер органына декларация тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Арнайы заңға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес, ағымдағы жылдан бастап ақшаны және жылжымайтын мүлiктi жария ету тәртiбi оңайландырылды. Нақтырақ айтатын болсақ, ақшаны жария етудi екi түрде жүргiзуге болады. Ақшаны банк шотына салу (аудару) арқылы жариялағанда, 10 пайыз жария ету алымы төленбейдi және банк шотында тұрған ақшаны кез келген мақсатта жұмсауға болады. Мысалыға, бизнеске салуға, жылжымайтын мүлiктi сатып алуға және басқа да қажеттiлiктерге жарата алады немесе банк шотынан алуына да мүмкiндiк бар. Ал, нақты айналымда жүрген ақшаны банк шотына салмай, жария еткен жағдайда, 10 пайыз жария ету алымы төленедi. Сонымен қатар, осы екi жағдайда да мемлекеттiк кiрiстер органдарына келiп, арнайы декларация тапсырылуы тиiс.

Жылжымайтын мүлiктi жария етуге келетiн болсақ, биылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында тұрған және заңды түрде ресiмделген мүлiктi жария ету үшiн мемлекеттiк кiрiстер органына арнайы декларацияны және ақпараттарды растайтын өзге де құжаттарды тапсырса болды.

Ал, Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлiктi жария еткен жағдайда, осыған қосымша, жүгiнушi тұлғаның өзi арнайы декларацияға белгiлеген мүлiк құнынан 10 пайыз алым төлейдi. Мұндай жағдайда, мүлiктiң бағалау құнын растайтын құжат талап етiлмейдi.

– Мүлiктi жария ету бойынша қандай жұмыстар атқарылуда және нәтижелерi туралы айтып өтсеңiз?

– Мүлiктi жария ету акциясын халық арасында кеңiнен насихаттау жұмыстарын тиiмдi жүргiзу мақсатында бiздiң департамент пен облыс әкiмдiгi арасында бiрлескен медиа-жоспар бекiтiлген. Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы облыс бойынша мүлiктi жария ету бағытында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 1221 мақала жарияланды, телеарна арқылы 537 мәрте сюжет берiлдi, интернет ресурстарына 343 хабарлама орналастырылып, 1549 семинар-кеңес пен «дөңгелек үстел» мәжiлiстерi өткiзiлдi. Одан бөлек, облыс, аудан орталықтарының көрнектi жерлерiне мүлiктi жария ету акциясы туралы 217 билборд iлiндi. Сонымен қатар, бiз осы бағытта «ашық есiк» күндерiн өткiзе отырып, халық арасында туындаған сұрақтарға түсiндiрмелер бердiк, буклеттер мен жадынамалар тараттық. Мүлiктi жария етуде тиiмдi атқарылған жұмыстардың нәтижесiнде, бiздiң облыс республикада алғашқы үштiктiң қатарында келедi.

Статистикалық мәлiметке сүйенсек, жергiлiктi атқарушы органдарда құрылған комиссиялар жалпы сомасы 75,3 млрд. теңгенi құрайтын 8190 өтiнiш қабылдапты. Оның 1185-i коммерциялық нысан (21 млрд. теңге), 119-ы тұрғын үйге жатпайтын нысан (1 млрд. теңге) және 6 886-ы тұрғын үй бойынша өтiнiштер (53 млрд. теңге).

Бүгiнгi таңда, осы қабылданған өтiнiштерде көрсетiлген 6 571 нысанға (57 млрд. теңге) рақымшылық жасалса, 1071 өтiнiш (13,2 млрд. теңге) керi қайтарылды. Ал, 548 өтiнiш (5,2 млрд. теңге) қаралу үстiнде.

Мемлекеттiк кiрiстер органдары тарапынан бүгiнде Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлiктер бойынша 342,2 млн. теңгенi құрайтын 26 өтiнiш иесiнiң мүлкiне рақымшылық жасалынды.

Атап айтсақ, Өзбекстан Республикасынан – 17 (8 млн. 350 мың теңге), Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнен – 5 (327 млн. 147 мың теңге), Түркия мемлекетiнен – 2 (5 млн. 984 мың теңге) және Ресей Федерациясынан 2 (697 мың теңге) өтiнiш қабылданып, жария етiлдi. Жыл басынан берi облысымыздың 366 азаматы 29,1 млрд. теңге көлемiнде ақша қаражаттарын жария еттi. Ал, ел аумағындағы жылжымайтын мүлiктерге қатысты құны 571,2 млн. теңгеге тең 2 өтiнiш бойынша рақымшылық жасалынды.

Мүлiктi жария ету акциясы халыққа қолда бар мүлiктi жария етiп, заңды айналымға енгiзуге мүмкiндiк бередi. Сондықтан барлығыңызды, жалпыға бiрдей декларациялау алдында, осы мүмкiндiктi толық пайдаланып қалуға шақырамын.

– Алтынсары Дүйсенбекұлы, мемлекеттiк маңызға ие құжат – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 42-қадамында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттiк қызметкерлер, одан кейiн барлық азаматтар үшiн кiрiс пен шығысты жалпы жариялау кезең-кезең бойынша енгiзiледi делiнген. Осының мәнiсiн түсiндiрiп берiңiзшi?

– Жоғарыда айтып өткенiмдей, мүлiктi жария ету акциясы – жалпыға бiрдей декларациялау науқанына дайындық. Жалпыға бiрдей декларациялаудың бiрiншi кезеңi 2017 жылдан басталады. Алғашқы кезекте депутаттар, мемлекеттiк қызметкерлер, мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерi, судьялар және Ұлттық компаниялардың өкiлдерi кiрiс пен шығыстарын жариялай бастайды. Осы жобаны талқылау кезiнде мынадай ортақ шешiм шығарылды, мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерi 2020 жылдан бастап декларация тапсырса, ұлттық компанияда жұмыс iстейтiндер өздерiмен бiрге жұбайлары да кiрiстерi мен шығыстарын растаулары қажет.

Екiншi кезеңде, яғни 2020 жылдың соңына дейiн халықтың қалған бөлiгi декларациялауға қатысатын болады. Бүгiнгi таңда Мемлекеттiк кiрiстер комитетi тарапынан декларация нысандарының жобасы айқындалып, талдау-талқылаудан өтуде. Сонымен қатар, декларация тапсыратын өкiлдердiң санын анықтау жұмыстары жүргiзiлуде.

– Өзiңiзге мәлiм, «100 нақты қадамның» 43-қадамында салық декларациясын қабылдау мен өңдеудiң орталық желiсiн құру туралы тапсырма берiлген болатын. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

– Иә, жалпыға бiрдей декларациялау басталған шақта мемлекеттiк кiрiстер органдары оның уақтылы қабылдануын және өңделуiн толыққанды қамтамасыз ету үшiн ҚР Үкiметiнiң қаулысымен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрылды. Ол бүгiнгi таңда нәтижелi жұмыс атқаруда. Ендiгi жерде декларациялардың уақтылы қабылдануын қамтамасыз етуде екi бiрдей мекеме, мемлекеттiк кiрiстер органдары мен мемлекеттiк корпорация бiрлесе жұмыс жүргiзетiн болады.

– Тәуекелдердi басқару жүйесi дегенiмiз не? Ол кiмге тиiмдi?

– Жалпы, тәуекел сөзi салық төлеушiнiң мемлекетке нұқсан келтiруiн немесе солай болу мүмкiндiгiн, сондай-ақ, салық мiндеттемесiн орындамауды және толық орындамау ықтималдығын бiлдiредi. Сондықтан тәуекелдердi басқару жүйесi талдау, зерделеу жұмыстары арқылы салық төлеушiлердiң салықтан жалтару жолдарын анықтауға және тиiстi шаралар қолдануға көмектеседi. Тәуекелдердi басқару жүйесi арқылы кедендiк және салықтық тексерулердi реттеу көзделiп отыр. Яғни, заңбұзушылыққа жол бермеген кәсiпкерлер салықтық және кедендiк тексерулерге ұшырамайды. Президентiмiздiң берген тапсырмасына орай енгiзiлген осы реформаның арқасында заңдылықты бұзбаған кәсiпкерге бақылау органдары тарапынан ешқандай тексеру жүргiзiлмейдi. Яғни, салық төлеушi өз мiндеттемесiн толық орындаса, салықтық тексерулерге iлiнбей, өз бизнесiн алаңсыз жалғастыра бередi.

– «100 нақты қадамның» 44-қадамында жанама салық салу тетiктерiн жетiлдiру туралы мәселе қойылғаны анық. Бүгiнде аталған тапсырманың орындалу барысы қалай?

– Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрлiктерi мен бизнес қауымдастықтары өкiлдерiнен құралған жұмыс тобы Салық және Кеден кодекстерiнiң орнына жаңа Мемлекеттiк кiрiстер кодексiн дайындау жұмыстарын жүргiзуде. Бұл мәселе төңiрегiнде көзiқарақты оқырмандар хабардар болса керек. Жаңа кодекске Ұлт жоспарының 44-қадамындағы жанама салық салу тетiктерiн жетiлдiру тапсырмасына сәйкес, бизнестiң салық салу принциптерiн өзгертiп, қосылған құн салығының орнына сатудан салық алуды енгiзу көзделiп отыр.

Мемлекеттiк кiрiстер кодексiне қатысты салық төлеушiлер тарапынан күн сайын түсiп жатқан ұсыныс, пiкiрлердi жоғарыда аталған жұмыс тобына талқылауға жолдаудамыз.

Бүгiнгi сұхбатты пайдалана отырып, салық төлеушiлердi осы салық мәселесiне байланысты көкейлерiнде жүрген қандай да бiр ұсыныс, пiкiрлерi болса, жаңа кодекстi әзiрлеп жатқан жұмыс тобының қарауына жолдауға шақырамын. Егер бұл мәселеде азаматтар көбiрек пiкiр бiлдiрсе, онда халықтың көңiлiнен шыққан жаңа Мемлекеттiк кiрiстер кодексiне қол жеткiзген боламыз.

– Жаңа кодекс жобасында қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгiзу жоспарлануда дедiңiз. Бұл жөнiнде не айтасыз?

– Ұлт жоспарының 44-қадамында бизнестiң салық салу принциптерiн өзгерту, оның iшiнде қосылған құн салығының орнына сатудан салық алуды енгiзу мәселесi қазiргi таңда қызу талқылануда. Сарапшылардың пiкiрiнше, сатудан салық алудың бiрқатар тиiмдiлiктерi бар. Мәселен, «Обнал» сұранысы толық жойылады, салықтық жүктеме төмендеп, ол өз кезегiнде бизнестiң дамуына жол ашады. Делдалдық құрылымдар қысқарып импорттаушыға да, өндiрушiге де, бiрдей салықтық жүктеме қалыптастырылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына салықтық жүктеменi төмендету секiлдi басқа да тиiмдiлiктерi бар.

Сатудан салық алудың тағы бiр пайдасы, әкiмшiлендiру жұмыстары жеңiлдеп, бюджет түсiмдерi ұлғая түседi. Ал, бизнеске салық жүктемесi азайып, «көлеңкелi экономика» айналымындағы қаржыларын жарыққа шығаруға мүмкiндiк туады. Сонда бизнестi ұсақтау арқылы салықтан жалтарудың қажеттiлiгi болмайды. Және салық тексерулерiнен қорықпай, қоғамға бағытталатын әлеуметтiк шығындарды ұлғайта алатын едi. Сату салығын енгiзу мәселесi әлi кеңiнен зерделенуде, сондықтан соңғы шешiмiн күтейiк.

– Ұлт жоспарының 45-қадамында кiрiске және шығысқа салық есебiн мiндеттi түрде енгiзу арқылы қолданыстағы салық режимiн оңтайландыру қажеттiгi айтылғаны белгiлi. Осыған байланысты мемлекеттiк кiрiстер департаментi қандай iс атқаруда?

– Қолданыстағы Салық кодексiнде қаралған салық режимiн оңтайландыру арқылы кiрiске және шығысқа салық есебiн мiндеттi түрде енгiзсек, елiмiздегi шағын және орта бизнес өкiлдерiне айтарлықтай жеңiлдiк туатын едi. Осындай жағдайда шағын және орта бизнес қоғамда зор әлеуметтiк рөл атқарып қана қоймай, бюджетке елеулi салық түсiмдерiнiң түсуiн қамтамасыз етедi.

Елбасының кәсiпкерлiктi қолдауының арқасында бiздiң өңiр бұл салада үлкен жетiстiктерге жетiп, экономикалық өркендеудiң үлгiсiне айналып отыр. Облыста шағын және орта бизнес нысандары 207 мыңды құрап, онда бүгiнде 340 мыңнан астам адам еңбек етуде. Ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттiк бюджет түсiмiнiң 55 пайызы осы салаға тиесiлi, ал, олардан түскен салық 81,7 млрд. теңгенi құрады.

Мемлекеттiк кiрiстер органының басты мiндеттерiнiң бiрi салықтық, кедендiк төлемдердiң толық және уақытылы түсуiн қамтамасыз ету. Департамент ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттiк бюджетке межеленген жоспарды 134 пайызға артық орындады. Немесе нақты 203,5 млрд. теңге өндiрiп, бюджет табысын қосымша 51,5 млрд. теңгеге еселедi. Түсiмдердiң өсу қарқыны 152,7 пайызға жеттi. Бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда мемлекет қазынасына 70,2 млрд. теңге артық қаражат өндiрiлдi деген сөз. Оның iшiнде, бюджеттер кесiндiсiнде тоқталатын болсақ, республикалық бюджеттiң жоспары 151,5 пайызға орындалды. Нақты 130,9 млрд. теңге өндiрiлiп, бюджет жоспардан тыс 44,5 млрд. теңгемен қамтамасыз етiлдi. Өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда, республикалық бюджетке 59,9 млрд. теңге артық түсiм түстi. Жергiлiктi бюджет бойынша болжамды жоспар 65,6 млрд. теңге болса, 72,6 млрд. теңге нақты өндiрiлiп, жоспардың орындалуы 111 пайызды құрады. Немесе жергiлiктi бюджет қоржынына 7 млрд. теңге артық құйылды. Өткен жылдың осы кезеңiнде жергiлiктi бюджетке 62,3 млрд. теңге түскен болса, биылғы түсiмдердiң өсу қарқыны 116,5 пайызға ұлғайып, 10,3 млрд. теңгеге артты.

Жоспарлы түсiмдерден басқа, департамент тарапынан қосымша кiрiс көздерiн анықтау, өндiру жұмыстары да қарқынды жүргiзiлуде. Нәтижесiнде, мемлекеттiк бюджетке қосымша 11,7 млрд. теңге өндiрiлдi. Оның 5,8 млрд. теңгесi республикалық бюджетке (түсiмдер iшiндегi үлесi 6,7 пайызға тең), 5,9 млрд. теңгесi жергiлiктi бюджетке (түсiмдер iшiндегi үлесi 9,4 пайызға тең) тиесiлi.

Жалпы, қойылып отырған мiндеттердiң барлығы да өте маңызды. Салық пен кеден саясатын оңтайландыру, бiрiншiден, халыққа қолайлы жағдай туғызады, екiншiден, салық төлеушiлер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және мемлекеттiк кiрiстер органдары қызметкерлерi арасындағы қарым-қатынасты сөзсiз жақсартуға алып келедi. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтiң сапасын және халықтың мемлекеттiк кiрiстер органына деген сенiмiн арттырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға зор ықпалын тигiзерi анық.

Сондықтан оқырмандарға рахметiмдi айта отырып, Сiздердiң бизнес саласында мол табыстарға жетiп, мемлекетiмiздiң мәдениеттi салық төлеушiлерi болуларыңызға тiлектеспiн.

–Әңгiмеңiзге рахмет.

Сұхбаттасқан Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Дереккөз: okg.kz

T. Кіршібаев