Мәскеуде Әлия Молдағұлованың граффити-портреті салынады

Мәскеуде Әлия Молдағұлованың граффити-портреті салынады
Фото: Google.kz

Вешняки ауданында (Мәскеу қаласы Шығыс әкімшілік округіндегі аудан) Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың граффити-портретін салу жоспарлануда. Дәл осы қалада Ұлы Отан соғысы жылдары Әлия мергендер мектебінде оқыған еді.

Көшелердің біріне Әлия Молдағұлованың граффити-портретін салу туралы идея Вешнякиде жүзеге асып жатқан патриоттық жобаның жалғасы.

Қоғам қайраткері және «Цвета России» жобасының жетекшісі Валерий Титовтың бастамасымен, сәуір айында Ә.Молдағұлова көшесінде Ресей әскери-ғарыш күштері тақырыбында граффити пайда болды. Шілде айында Вешняки көшесін саламатты өмір салтына арналған суреттер салынды. Ал тамыз айында Реутов көшесіндегі үйдің бір бүйіріне  Вешнякиде еңбек жолын бастаған Ресей батыры, полковник, Мемлекеттік өртке қарсы қызметте жұмыс істеген Евгений Николаевич Чернышёвтың портреті бейнеленді.

Ауданда Ә.Молдағұлова атындағы №402 гимназияда Әлияға арналған музей ашылуда. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қыздың портреті өзінің атымен аталған көшеде, Амилкар Кабрал алаңының маңына салынады деп жоспарлануда», - деп жазды «Вешняки» аудандық интернет-газеті.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы