Неміс Драма театры - неміс халқының мәдени мекені

1974 жылдың 2 шілдесінде Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы орталық комитетінің «КСРО халқы арасында неміс ұлтының жұмысын жақсарту туралы» шешімі қабылданды.

1975 жылдың 6 ақпанында Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығымен қазақ жеріндегі алғашқы неміс театрының іргесі қаланды. Театрдың ашылған кездегі мақсаты республикада өмір сүретін неміс халқының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын сақтап, оны әрі қарай дамыту болды.

Арада бес жыл өткен соң, Мәскеу қаласындағы Кіші театрға қарасты Щепкин атындағы училищеде білім алған 29 жас әртіс Теміртау қаласына келді. Театр 1980 жылдың 26 желтоқсанында неміс жазушысы Александр Райменгтің «Алғашқылар» («Первые») пьесасымен ашылды. Пьесада неміс ұлтының қазақ жеріне көшіп келгендегі алғашқы күндері, қазақ халқымен қарым-қатынасы көрсетілді. Театр репертуарынан орыс, неміс классиктерінің шығармалары орын алды. Сол кездегі неміс, орыс ақын-жазушылары мен драматургтары театрдың көркеюіне сүбелі үлес қосты.

Неміс Драма театры (DTA) кеңінен танылып, гастрольдік сапарларға шыға бастады. Уақыт өткен сайын, театр труппасының құрамы толығып, Теміртаудағы шағын ғимарат оларға тар болды. 1989 жылы театр Алматы қаласына көшірілді.

Осы кезде республикадағы неміс халқының тарихи отанына көшу науқаны жүріп жатты. 1993 жылы Германия еліне театрдың соңғы әртісі көшіп кетіп, театрда Лидия Ганн ғана қалады.


Театр труппасы өзге ұлт өкілдерінің азаматтарымен толыға бастады. Бұл театр бағыты мен болмысына үлкен өзгерістер енгізді. Неміс Драма театры (DTA) тәжірибелер пен пікірталастардың мекеніне айналды.  

Өзге мемлекеттерден режиссерлер шақырылып, олар өз кезегінде театрдың дамуына ат салысты. Театр репертуарынан жаңа шығармалар орын алуда. Атап айтсақ, Джеффри Черч (Англия) «Макбет», Фредерике Фельбек (Германия) «Немецкий как иностранный» (Арна Арлейдің (Литва) пьесасы), Кристоф Фетрие (Франция) «Миры в переходах» (Джеймс Джойстың «Уилисс» романы), Катарина Шмеер (Германия) «Дай жару», Х. Ганым (Германия) «Войцек» (Г. Бюхнер пьесасы), Ирина Симонова (Қазақстан) «Девушка и Смерть» (М.Горький шығармасының желісімен жазылған А.Курелланың ересектерге арналған ертегісі) қойылымдары көрермендердің назарына ұсынылды.


Театр репертуарында «Оскар и Розовая Дама» (авт. Э. Э. Шмитт, реж. Игорь Гонопольский), «Дон Жуан приходит с войны» (авт. Э. фон Хорват, реж. Борис Преображенский), «Счастливый Ганс» (авт. М. Бартенев, реж. Дмитрий Скирта), «По одежке протянешь ножки» (авт. Х. Бергер, реж. Андрей Воронин), «Свобода» (авт. С. Мрожек, реж. Ирины Симонова) т.с.с. отандық және шетелдік режиссерлердің қойылымдары бар.


Қазіргі таңда Республикалық Неміс Драма театры (DTA) түрлі тәжірибелердің арқасында неміс халқының мәдени мұрасын сақтауды көздейді. Жыл сайын театр репертуары жаңартылып, оған өзге елдердің сазгерлері мен режиссерлері тартылады.

Театр қойылымдары орыс және неміс тілдерінде жүргізіледі. Неміс тілін меңгермеген көрермендерге неміс тілінен орыс тіліне тікелей синхронды аударма ұсынылады.

Суреттер: blogos.kz, dta.kz


3118 1
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

  • Ғазиза Ұзақ
    11 Наурыз 2012, 13:40
    Неміс тілін меңгеріп жүргендер тіл білімін жетілдіру мақсатымен осы театрға барады. Өз басым, актерлердің ойнау шеберлігі мен өзге елдердің шығармаларын көруге барамын. Актерлік құрамы кішкентай, алақандай ғана ғимаратта орналасқан театрдың берері мол.

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Әлемдегі ең жеңіл кітап -- Еге университетінің музейінде

Осы аптада дәрістен соң университеттің этнографиялық мұражайы мен «Қағаз және кітап өнері» мұражайына...


Жайдарман, ширек финал

Енді 5 күннен кейін Жайдарман жоғарғы лигасының ширек финалы өтеді. Жарыс үш күнге созылмақ.


Саңырауқұлақ және көкөністер қосылған киш

Бүгінгі мәзірде француз асханасының тағамы - Киш

Автор: Gourmania ¤


«Монкап VS. Империалист» ойыны

«Монкап VS. Империалист» ойыны – әртүрлі мемлекеттің шынайы экономикалық қызметінің моделі. Бұл модельде...


Амандық

жай ғана

Автор: Aida T

ОТ

От едім. Өшкелі тұрмын неге осы, Қайратым қайда арыстан жығар адуын?




Айдарлар бойынша қызықты


Қызықты қосымшалар: iBooks - кітап оқуға арналған қосымшасы (iOS үшін)

Бүгін сіздерге iOS операциондық жүйесі базасында жасалған гаджеттерге арналған қызықты қосымшаның...

Бізде көше мәдениеті қалыптасқан ба?

«Жүре берсең, көре бересің» деген сөзді көшеге шыққанда айтсақ та болатындай. Қанша адам болса, соншама...

Махаббаттың түрлері

Бір қыз көп жігіттен сұқбат алып, артынша олардың барлығына да телефон нөмірін берген. Нәтижесінде ...


Алматыда бүлдіршіндер құстарға ұя жасауды үйренді

Балалар ауланы көгалдандыру, құстарға ұя жасау жұмыстарын атқарды.

Шүменов vs Хопкинс кездесуіндегі соққылардың статистикасы

Жартылай ауыр салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Бернард Хопкинс пен WBA суперчемпионы...

Google қызметтері: Сайтқа (блогқа) сауалнама орналастыру

Google ұсынған әр алуан қызмет түрлерінің ішінде блогқа, сайтқа сауалнама немесе белгілі бір іс-шараға онлайн...



Соңғы бейнебаян

T-ara - Apple is A + [қазақша субтитрлер]

Apple is A + топтың алғашқы бейнебаяндарының бірі. Ол 2009 жылы шыққан. Бейнебаянда басты рөлді Джиен және Сон Ходжун сомдайды, онымен қоса детектив пен көмекшісі және біраз T-ara перизаттар да кездеседі. Сұлу бойжеткен бір көргеннен келбетті жігітке ғашық болып, оны алма сиқыры арқылы қаратып алғысы келеді. Бірақ кішкене перизаттар келіп сиқырдың әзерін өзгертіп жібереді.

Аударған: Zhannur&Ainaz

Өңдеген: Ainaz


EXO - Black Pearl (FMV feat. SNSD Yuri) [қазақша субтитрлер]

2013 жылдың жаз мезгілінде EXO тобы ‘XOXO (Kiss & Hug)’ атты тұңғыш альбомдарын ұсынды. Сол уақытта олар “Wolf” әнімен камбэк жасаған болатын. 3 маусымда EXO Корея...


BTS - Boy in Luv [қазақша субтитрлер]

Осы жылдың басында BTS (Bangtan Boys) ‘Skool Luv Affair’ екінші мини-альбомдарын ұсынды. Альбомның "Boy in luv" басты әніне бейнеклип түсірілді. Бейнеклипте жігіттер актерлік...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

Қорлан"Өмір күрес"
"Алдаспан" тобы"Ел дастан"
"Тұран" тобы"Елім-ай"
"Тұран" тобы"Шилі өзен"
"Алдаспан" тобы"Ой толғау" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Барыс"
"Тұран" тобыKara jorga - people's songм
Роза Рымбаева"Мен сондаймын"
БатырРевнивая
БатырОтпусти

Жаңалықтар мұрағаты

Қазір сайтта

Барлығы: 1935
Қонақтар: 1926