М.Әуезов театры Қырғызстанға гастрольдік сапармен барады

М.Әуезов театры Қырғызстанға гастрольдік сапармен барады

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Бішкек қаласына гастрольдік сапармен барады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі М.Әуезов театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Гастрольдік сапар 6-12 қазан аралығына жоспарланған. Қазақ театры Бішкек қаласындағы Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Қырғыз көрермендері үшін Әкемтеатр репертуарындағы М.Әуезовтың “Абай”, Г.Гауптманның “Ымырттағы махаббат”, Р.Отарбаевтың “Бейбарыс сұлтан” сынды таңдаулы 7 қойылымын сахналайды.

Қырғыз еліндегі өнер сапарына ҚР Халық артисі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов, ҚР Халық артисі Торғын Тасыбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, Шәмшәгүл Мендиярова сынды өнер майталмандары бастаған 40-қа жуық артист барады.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: театрдың жеке қорынан

M. Auelkhan