Төлеген Мұхамеджановқа «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Төлеген Мұхамеджановқа «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

2014 жылдың 5 шілдесінде Мемлекет басшысы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Т. Мұхамеджановқа «Астана қаласының құрметті азаматы» жоғары марапатын табыс етті. Бұл туралы Massaget.kz порталына «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.                    

Астанада тұрып жатқанына 17 жылдың жүзі болған Т. Мұхамеджанов осы уақыт ішінде қаланың адам сенгісіз өзгергенін айтады. Оған астананың негізі қаланған тұста қызмет етіп, қаланың дамуына өз үлесін қосу бұйырыпты. «Ол кезде елорданы Алматыдан Астанаға көшіргеннен бірдеңе шығады дегенге ешкім сенген жоқ. Енді, міне, бір адамның арманы мен сенімі шындыққа айналды. Елорда күннен-күнге құлпырып, өсіп келеді! Бас қала қаншама адамның тағдырын шешті, олар өмірдегі өз орындарын тапты, мен де сол көптің бірімін, сол себепті бұл бір адам сенгісіз үдеріс болды деп есептеймін. Мен еліміздің Президентіне, кезінде Астана қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етуге шақыру туралы шешім қабылдағанына алғысымды айтамын. Қаланың адам тағдырына әсер ету үдерісі бүгін де жүріп жатыр. Ондаған, жүздеген мың адам өз өмірін осы әсем қаламен байланыстырды», - деп атап өтті театр директоры.

«Бір жыл бұрын бізде тамаша театр бой көтеріп, көптеген адамның еңбек етуіне мүмкіндік берді. Осы Өнер ордасында жұмыс істеп жатқан 800-ге жуық адам күн сайын жұмысқа орасан зор құлшыныспен келеді. Театр қаншама қала тұрғынына жақсылықтың үміт отын жақты. Бүгінде жай қала тұрғызылып жатқан жоқ, осы шаһарды салу арқылы, осы оқиғаның маңыздылығын ұғыну арқылы мүлдем басқа адам болатын еліміздің азаматы қалыптасып жатыр деп есептеймін. «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын иелену – үлкен қуаныш және үлкен жауапкершілік, сол себепті қызметтің бұрын атқарылғаны болмайды деп есептеймін, жаңа күн жаңа мақсаттар жүктейді, жаңа белестерді бағындыру керек», - деп толықтырды Төлеген Мұхамеджанов. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

М. Оңғарова