«Астана» велокомандасының спортшысы дүниеден озды

«Астана» велокомандасының спортшысы дүниеден озды

Велоспорттан «Астана» командасының велошабандозы Ерлан Пернебеков клубтың Эквадордағы оқу-жаттығу жиындарында ауруханаға ауыр халде түскені туралы хабар тараған болатын. Өкінішке орай, бүгін клубтың баспасөз орталығы спортшының дүниеден озғаны туралы ақпарат таратты.

14 наурыз күні кезекті жаттығулардың бірінде Ерлан басы қатты ауырып жатқанын айтқан. Кейіннен ауруханаға жеткізіліп, тексеру кезінде спортшының миындағы қан тамырларының бірі үзіліп кеткендігі анықталған. Жасанды жансақтау бөлімінде жатқан спортшы бүгін көз жұмды.

Осыған дейін Ерланды команда қатарына алу туралы шешім үш апта бұрын қабылданған болатын. Ол кезде медициналық тексеріс оның денсаулығынан ешқандай мін таппаған екен.

Қазіргі таңда клуб басшылығы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі спортшының денесін елге алып келу жағын қарастыруда. «Астана» велокомандасы мен Massaget.kz порталы талантты спортшының дүниеден озуына байланысты ағайын-туыстарына көңіл айтады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай