Жерар Пике мен Шакира екінші баласын күтуде

Жерар Пике мен Шакира екінші баласын күтуде

«Барселона» командасының футболшысы Жерар Пике мен колумбиялық белгілі әнші Шакира екінші рет ата-ана атанбақшы. Бұл туралы Шакираның өзі Cosmopolitan журналына берген сұқбатында айтып берді.

Әйгілі әнші кеше ғана твиттердегі жеке парақшасында: «Иә, біз екінші баланы күтіп отырмыз. Ыстық ықыластарыңыз үшін үлкен рақмет!» деп жазды.

Шакира сәуір айында берген сұқбаттарының бірінде: «Егер менің көптеген музыкалық жобам болмағанда мен баяғыда-ақ тағы бір мәрте ана атанар едім. Мен Жерар екеуміздің сегіз немесе тоғыз баламыз болғанын, жеке футбол командасы болғанымызды қалаймын», - деген болатын.

Шакираның жүктілігі туралы қауесет футболдан Бразилия жерінде өткен Әлем чемпионатынан кейін өрши түсті. Әнші сахнаға кең әрі үлкен киімдер киіп шығып, жаңалығын жария қылмаған-ды. Алайда он тоғыз айлық Миланның інісі не қарындасы болатыны белгілі болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 37 жастағы әнші мен 27 жастағы футболшының отау құрғандарына төрт жылға жуықтап қалды. Жерар Пике мен Шакира: «Біздің қарым-қатынасымызда ең бастысы баламызға, өзімізге деген махаббат пен татулық бар. Заңды неке біздің қарым-қатынасымызға өзгеріс енгізді», - дейді.

Ұқсас жазбалар:

Күз - махаббат айы! Шакира мен Пике тұңғыштарын күтуде

Шакира мен Пике ұлды болды

Шакира ұлының суреттерін көрсетті

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: spletnik.ru

Н. Айдархан