Майкл Джексонның үйін сатып алуға кімнің қауқары жетеді?

Майкл Джексонның үйін сатып алуға кімнің қауқары жетеді?

Майкл Джексонның қайтыс болғанына 5 жыл өтсе де, туысқандары мен продюсерлерінің, балаларының арасында дүние-мүлікті теңдей бөлісу мәселесі толастар емес. Жақын күндердің бірінде жұлдыздың Санта-Барбара қаласындағы әйгілі үйі сатылымға шықты. Поп жұлдыздың «Neverland Ranch» атты резиденциясы дәл қазір 60 миллион АҚШ долларына бағалануда. Бағасы бұдан кейін де өсетіні анық.


Майкл Джексон аталған үйде 1988-2005 жылдар аралығында өмір сүрген. Жанына жайлылық сыйлар үйінің атауын өзі бала кезінде сүйіп оқыған Питер Пеннің тарихына сәйкес қойған. Жұлдыздың өлімінен кейін үй «Colony Capital LLC» мүлікті реттеу агенттігінің құзырына беріліп, жөндеу жұмыстары біткен соң сатылымға шыққан. Әзірге атақты жұлдыздың үйін иеленгісі келіп жүргендердің тізімі жарияланған жоқ. Бірақ оны Голливуд жұлдыздарының бірі иемденуі мүмкін деген сыбыс бар.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: cosmo.ru

Қ. Бүйенбай