Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шықты

Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шықты

Танымал теле және радиожүргізуші Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шықты. Бұл туралы тележүргізушінің құрбысы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Инстаграм әлеуметтік желісінде хабарлап, сүйінші сұрады.

Жалпы бұл хабар еліміздегі телеарналардың бірі ұйымдастырған ауызашарда белгілі болып, дүйім жұртқа танымал өнерпаздардың Инстаграм және Туиттер әлеуметтік желілері арқылы тарады. Тележүргізушінің айналасындағы танымал достары Маржанның тұрмысқа шыққанына біраз уақыт болғанын және бүгін ғана хабарды жеткізуге рұқсат бергенін жазған.

Әзірге күйеу жігіттің есімі мен қай өңірден екені айтылмайды. Тек оның танымал адам емес екені және ұлттық спортты дәріптеуші азамат екені ғана белгілі. Екі жастың үйлену тойы жақын арада өтеді деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Маржан Сұлтанбай – «Шіркінlife» тележобасында шашын тықырлап алып тастаған соң атышулы тележүргізушіге айналған болатын. Бұдан кейін де ол көптеген сұхбаттары мен блогтарында бәйбіше мен тоқал, отбасын құру мен отбасы мәселелері жайлы даулы мәлімдемелер жасап, көптің аузындағы жүргізушіге айналған болатын. Соңғы кездері радиожүргізуші басына тюрбан орап, орамалды дәріптейтіндігі жайлы айтып жүр.

Ұжым атынан екі жасқа отбасылық бақыт тілейміз.

Сурет: Асхат Садырбай мен Айнұр Тұрсынбаеваның
инстаграм парақшаларынан және dixinews.kz сайтынан алынды

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina