Мадам Тюссо мұражайы Бейжіңде ашылды

Мадам Тюссо мұражайы Бейжіңде ашылды

Әлемге әйгілі Мадам Тюссо мұражайын енді Қытай астанасы Бейжіңде де тамашалауға болады.

Мадам Тюссо мұражайының Бейжіңдегі бөлімшесінің салтанатты ашылуы 29 мамырда болып өтті. Ал ең алғашқы келушілерге мұражай 31 мамырдан бастап жұмыс жасауда. "Мұражай экспозицияларының құрамында әлемге әйгілі саясаткерлер, спортшылар мен шоу-бизнес өкілдерінің мүсіндері бар", - деп хабарлайды China News Service.

Бейжің қаласында ашылған мұражай Мадам Тюссоның Қытайдағы төртінші мұражайы болып табылады. Дәл осындай мұражайлар 2000 жылы Гонконг және Шанхай қалаларында және 2013 жылы Ухан қаласында ашылған болатын.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.chinadaily.com.cn

Ж. Өрісбай