Пушкин туралы не білеміз?

Пушкин туралы не білеміз?

Бүгін әлемнің бірқатар елі орыстың біртуар ақыны, әлемдік поэзияның беделді өкілі Александр Сергеевич Пушкинді еске алу күнін атап өтті. Біз де қорытынды ретінде ақын туралы қызықты деректер легін ұсына кетейік.

1. Пушкин 4 жасынан бастап болған оқиғаларды жақсы білген. Ол бір сөзінде бала кезінде жердің тербеліп, бағаналардың қимылдағанын көргенін айтқан екен. Расында да, 1803 жылы Мәскеуде жоғары балды жер сілкінісі тіркелген. Айтпақшы, болашақ ақын дәл осы жаста I Александр патшамен кездескен. Патша серуенге шыққанда кішкентай Сашаны атпен басып кете жаздаған көрінеді. Алайда, аттың басын дер кезінде тартып қалғандықтан, бала аман-есен қалады.

2. Ол 8 жасынан бастап француз тілінде шағын комедиялар мен әзіл өлеңдер жазған. Бірақ өзі 13 жастан бастағанын айтады.

3. Пушкин лицейге тамыр-таныстық арқылы түскен. Алдыңғы қатарлы білім ордасының негізін сол кездегі министр Сперанский қалаған. Онда бар болғаны 30 адамды қабылдайды екен. Александрдың ағасы танымал ақын Василий Львович Пушкин министрмен таныс болғандықтан, інісінің осында оқуына себепкер болады.

4. Білім беру жұмыстары аяқталғанда оқушылардың үлгерімінің тізімі жасалады екен. Пушкин сол тізімде соңынан санағанда екінші орында тұрады. 

5. Есесіне, Пушкин алғаш рет лицейде жүріп ғашық болады. Оның ең алғашқы жекпе-жегі осы орданың қабырғасында жүргенде болған. Жалпы Пушкин 90 рет дуэльге шақырылған. Ал өзі басқаларды 150 рет шақырған екен. Оның себебі дұрыс бөлінбеген жұмыртқа немесе балағат сөз болуы мүмкін. Ақын 21-ші дуэлінде қайтыс болған.

6. Пушкин туралы таныстары былай деп пікір айтқан екен: ағасы оның есерсоқ, бойы аласа болғанымен, қыздар қауымына қатты ұнағандығын жазады, ал ақын ғашық болған Вера Нащокина оның қоңыр бұйра шашының, көгілдір көзінің сұлулығын және ерекше тартымды болғанын айтады. Тағы бір естелікте Пушкин өзі ұнатқан нәрсесіне қатты қызығушылық танытып, білгенше тыныш таппайтыны, ал қызықсыз дүние болса, көңілсізденіп, адамды зеріктіріп жіберетіндігі баяндалады. 

7. Пушкиннің құмар ойындармен байланысты ауқымды қарыздары болған екен. Әрине, ол әрдайым қаржы тауып, жабуға тырысқан. Қиындықтар туған сәтте қарыз болған адамдарына жаман сөздер жазылған әзіл өлеңдер арнап, жағымсыз карикатуралар сызған екен. Бір жолы осындай қағаз үшін үлкен дау-жанжал болған деседі.

8. Кейбір шетелдерде "Евгений-Онегинді" орыстың тұңғыш романы деп жазады. Британдық энциклопедияда Пушкинге дейін орыс тілі көркем әдебиетке жарамайтын болған деген сөздер де бар.

9. Ресейдің барлық қаласында Пушкиннің құрметіне қойылған ескерткіштер бар. Міне қызық, бірнеше жыл бұрын Эфиопияда Пушкинге арналған ескерткіш тұрғызылады. Оның тұғырнамасына "Біздің ақынға" деген сөз жазылған.

10. А. Пушкин Э.Дантеспен болатын соңғы дуэль алдында әйелінен: "Кім үшін жылайсың?" деп сұраған екен, сонда ол: "Кім өлсе, соны жоқтаймын" деп жауап қатады.

11. Гогольге "Ревизорды" жазу туралы идеяны ұсынған Пушкин екен. Гоголь ақыннан шынымен де күлкілі оқиға айтуын өтінген. 

12. Пушкин қандай сапарға шықса да жанынан алтын оймағын тастамаған. Ол ақынға кішкентай саусағындағы ұзын тырнақты сындырып алмас үшін керек болған.

13. Пушкин әйелінің жанында тұрғанды ұнатпаған. Ол өзінің аласа бойынан намыстанған екен.

14. А.С. Пушкин француз, ағылшын, итальян, неміс, латын, испан, грек және тағы да басқа славян тілдерін білген. Және өмірінің соңына дейін тіл үйренуден жалықпаған. Оның кітапханасында 3560 том кітап болған екен. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: perekop.info, lenta-ua.net