Миллиардер Дональд Трамптан 12 кеңес

Миллиардер Дональд Трамптан 12 кеңес

Жетпісті алқымдаған америкалық миллиардер Дональд Трамп әлі де тың. Әлемге әйгілі бизнес империя құрумен қатар, Трамп «Кандидат» деген жеке реалити-шоу ұйымдастырып, өзі жүргізді. Бұл танымалдылығына әсер етпей қоймады.

Девелопер, кәсіпкер, жазушы, танымал жүргізуші – бір адам бірнеше жұмысты үйлестіріп, барлық жағдайда табысқа кенелуі екіталай көрінеді. Алайда оның пәлсапасы қарапайым – миллионер сияқты ойла, сонда жетістікке жетесің. Бұл адам жағдайын миллиардқа жеткізіп, өз «минимумын» әлдеқашан орындап қойған және тыңдайтын құлақ болса, ақылы мен кеңесін айтудан қашпайды.

1. Менің ойымша, мөлшеріне сайма-сай шайпұл бере алмау – бұл бейбақтықтың белгісі.

2. Ашулансаңыз, себебін түсіне біліңіз: кейде оған негіз бар және қызмет үшін пайдасы да бар, бірақ жағдайды түсінбегендіктен ашуға салынатын кездер болады.

3. Өзіңізді қарапайым ұстаңыз, қабағыңыз ашық болсын, жетістіктеріңіз бен абыройыңызды кішірейте айтыңыз. Қаталдығыңыз бен қаһарлығыңызды тек қажет жағдайларда ғана пайдаланыңыз.

4. Менің компаниямды ұнатпайтын адамдармен ешқашан жұмыс істегім келмейді; сіздер де солай істеңіздер: ұнатпайтын жеріңізде отырмаңыз.

5. Ешқашан демалыс алмаңыз. Оны не істейсіз? Егер жұмысыңыздан ләззат ала алмасаңыз, демек өз орныңызды әлі тапқан жоқсыз. Ал мен гольф ойнап жүріп те, бизнесімді жалғастыра беремін.

6. Қиын-қыстау кезеңдер тамаша мүмкіндіктер сыйлайды.

7. Ойыншы – бұл күні-түні ойын автоматтарының жанында отыратын адам. Ал мен оларға иелік етуді қалаймын.

8. Тамаша идеяны ойлап тауып, оны іске асыруға тырыспау – қаржылық саулыққа жасалған қиянат.

9. Әрдайым бір ережені естен шығармаңыздар: қандай жұмысты қалайсыз – соған байланысты киініңіз, істеп жүрген жұмысыңызға байланысты емес.

10. Шындығында өмір қатал, ал адамдар мейірімсіз. Олар сізге күліп тұруы мүмкін, бірақ күлкінің астарында сізді өлтіріп тастағысы келіп тұрады. Жыртқыштар азық табу үшін өлтіреді – тек адамдар ғана ойын үшін.

11. Эгосыз адамды көрсетіңізші, мен сізге бейбақты көрсетемін.

12. Қаншалықты ақылды болсаңыз да, қаншалықты білімді әрі тәжірибелі болсаңыз да, - ешкімнің көмегінсіз табысты бизнес құра алатындай дана болу мүмкін емес. Қараңыз, тыңдаңыз, білім алыңыз. Бәрін білу мүмкін емес. Егер кімде кім, солай ойласа, орташа деңгейде қалады.

Сурет: buro247.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina