Жарылқап Қалыбай: "Қазақ баспасөзі игере алмай жатқан саланың бірі – экономика"

28 Маусым 2013, 12:31

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні алдарыңызға «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбаймен сұхбатты ұсынамыз. Қазақ журналистикасының хал-ахуалы жайлы басқа-басқа емес, бірі 75 мың, екіншісі 25 мың дана болатын журнал шығарып отырған Жарылқап ағамыздан сұрасақ дұрыс болар...

Сіз басқарып отырған «Жұдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдары лезде брендке айналды. Жекеменшік журналдың өзгелерден басты айырмашылығы неде? Сіз үшін журнал – тауар ма, тәрбие құралы ма?

− Нарықтық экономиканың бір артықшылығы бар. Ол қоғамда өмір сүріп отырған адамның барлығына да үкіметке алақан жайып отырмай-ақ, өз бетімен тіршілік жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, тәуелсіз баспасөз құралын ашып жүрген азаматтар өз қотырын өзі қасиды. Оның ашқан басылымы өз баласындай: тәрбиелеп өсірсе де, суықтатып өлтіріп алса да, өзінен көреді. Ал үкіметтің газет-журналдарының ғұмыры бас редакторға немесе компания директорына байланысты емес. Олар ауыса беруі мүмкін, таралымы азайып, не көбейіп кетуі мүмкін, бәрібір оларды үкімет қаржыландыра береді. Олар тоқтамастан шыға береді. Ал, тәуелсіз баспасөз нарықта аман қалу үшін бәсекелестікке төтеп бере алатындай мықты әрі үздік болуы керек. Оның басшысы жаңашыл, дарынды, жан-жақты болса, нарықта өз оқырман аудиториясын міндетті түрде тауып алады.

Сонымен бірге газет-журналды тауар деп қарауға келіспеймін. Бұл шығармашылық, рухани тауар дер едім. Мұнда бірінші басшы қандай мықты кәсіпкер немесе білікті жарнама маманы болса да, ол ең алдымен жақсы журналист болып, басылымның сапасын көтере алмаса, оқырман жүрегіне жол таба алмайды. Баспасөз кәсіпкершілігі – бизнестің ең ауыр және табысы төмен түрі болып табылады. Сондықтан да бизнестің ең ауыр түрімен айналысып отырған заңды тұлғаларға өркениетті елдерде үкімет қаржылай көмек көрсетеді, тәуелсіз басылымдар арасында жыл сайын мемлекеттік тапсырыс конкурсын ұйымдастырады. Ойымды оқырманға түсінікті болу үшін одан әрі тереңдете түссем, жалпы, газет-журнал ашып байыған адамдар жоқтың қасы, себебі бұл бизнес түрінің пайдасы өте аз, өзін-өзі өтеуі қиын. Өзіңіз білетіндей, мұнай, газ, құрылыс, сауда, байланыс бизнестері пайдалы, табысы өте жоғары. Кәсіпкерлікті зерттеген мамандардың өзі жарнамалық басылымдар болмаса, қоғамдық-саяси немесе ғылыми-көпшілік, әлеуметтік тақырыптарға арналған медиа-бизнеспен үлкен табысқа жетуге болатынына сенбейді. Нарықтық экономикаға көшудің бастапқы кезеңіне ілігіп қағандар болмаса, бәсекелестік қызған шақта бұрын ешкім айналыспаған, ешкім ашпаған  тың медиажоба ойлап таппасаңыз, өзін-өзі ақтайтын газет-журнал жасау мүмкін емес. Оншақты журналистің айлығы мен шайлығын шығаратын газет-журнал жасауың мүмкін, бірақ байлыққа белшеден батып қала алмайсың. Өйткені ол бизнестің өте нәзік те қауіп-қатері мол түрі. Осының өзі оның рухани бизнес екенін айғақтайды. Тіпті кітап шығарып жүрген баспагерлер бізден он есе ұтымды пайданың үстінде. Ал газет-журнал бизнесі қылыштың жүзіндегі бизнес десек те болар. Әр жолы тамыршыдай қоғамдық дерттің көзін дәл тауып отырмасаң, оқырманды теріс қаратып алғаныңды байқамай қаласың. Оның үстіне, еліміздегі мемлекеттік тілдің мүшкіл халіне байланысты қазақ баспасөзіне мекеме-ұйымдар жарнама бермейді. Табыс көзі бізге тек басылымды сатудан ғана түседі.

«Қазақ журналистикасының даму тенденциясын өзге арнаға бұрып жіберген адаммын» деген сөзіңізді қалай түсінсек болады?

− Мен бұл сөзді 2003 жылдан бастап қазақ баспасөзін жұлдыздар өмірі тақырыбына бұрып жіберуге себепші болғаным туралы бір сұхбатта айтқанмын. 2000 жылы  «Адам Ата – Хауа Ана» деген отбасылық газет аштым. Бірінші беттерге халыққа сүйкімі бар, танымал әртістер мен әншілердің суреттерін қоя бастағанымда газетімнің сатылымы жақсы болды. Сосын, бастан-аяқ жұлдыздардың отбасылық өмірбаяндық сұхбатын жариялайтын «Жұлдыздар отбасы» жобасы дүниеге келді. Менің жобамның ерекшелігі мынада: мәселен қоғамдық-саяси басылымдарда мақала, репортаж, жаңалық, сараптама, сұхбат сияқты әртүрлі жанрлар бар. Ал «Жұлдыздар отбасында» қоғамның әр саласындағы бірнеше танымал адамдардың  өмірбаяндық сыр-сұхбаттары басылса, «Аңыз адамда» белгілі бір ұлы тұлғаның өмірі мен тарихи қызметіне байланысты зерттеуші-ғалымдардың сұхбаттары жарияланады. Адамның өмірбаяны арқылы оның сәттілігінің құпиясын ашуға ден қойдым. Эстрада, спорт, саясат, бизнес, ғылымда жүрген қоғам қайраткерлері мен танымал адамдардың өмірбаяндық сұхбаттарын, өмірбаяндық суреттерімен қоса беріледі. Он жыл бойы ел зиялыларының өмір тарихын жазып келеміз. Мен сол іспен айналыса бастағанда, оның өтімді екенін көргендердің барлығы менен идея мен тақырыпты және материалдың берілу формасын рұқсатсыз көшіре бастады, бірнеше газет-журналдар мен телебағдарламалар осы жұлдыздар тақырыбына ауысып кетті. Жас журналистердің көбі «Қайда тудың?», «Қалай өнерге келдің?» деген тұрақты түрде қайталанатын сұрақтармен жүргізілетін оңай тақырып болғандықтан, осыған ойысты. Қазақстанда қазақ журналисі еліміздің ең маңызды проблемаларын айтудың орнына көр-жерді айтып кетті десек те болады. Үкіметтен ақша алмайтын, жетектегі газет-журналдың қатарына жатпайтын, тың баспасөз жобасы ретінде менің амалсыздан ашқан авторлық жобамды жапа-тармағай көшіріп алып, енді тіпті мен белгісіз қалғандай жағдайдамын. Халыққа да обал болды. Қазірде бәрінің жазатыны, бәрінің көрсететіні сол жұлдыздар болғандықтан, халықтың әбден ығыры шықты. Ең бастысы, қазақтың тәуелсіз мемлекетін құрғанымен, оның тәуелсіз тұлғаларын жасай алмай отырмыз, көпшілігі жағымпаз, өзді-өзіне сенімі төмен адамдар көбейді. Ұлттық намыс аяқ-асты болып кеткен. Арамызда бір орыс болса, он қазақ болып орысша сөйлеп отырғанымыз да сондықтан. Ал егер ойымыз құлдық санадан тазарса, бәрін қазақша сөйлетер едік қой. Өзбекстанда өзбегі де, өзгесі де қоғамдық ортада өзбекше сөйлейді емес пе?

"Аңыз адам" журналының әр мезгілде шыққан сандары

Айтпақшы, журналист боламын деушілер «Журналистикада оқымай-ақ жаза аламын» деген ой-пікірді көп айтады. Сіз бұған келісесіз бе?

− Кез келген елде мұндай мәселе бар және ол дұрыс та. Тек журналистиканы оқудан гөрі қоғамның басқа да салаларын біліп келген, өз ісін жете меңгерген адамдардың баспасөзге келгенінен журналистика ұтпаса, ұтылмайды. Тек олар жаза білсе. Қайта сондай маманданған журналистерге зәруміз. Мәселен, спорттың жілігін шағып, майын ішкен азамат әрі жазуға машықтанса, мықты журналист болуы әбден мүмкін. «Тауық сойса да, қасапшы сойсын» деген сөз бар. Қазіргі жағдайда қазақ баспасөзі меңгере алмай жатқан сала экономика мен технология, өндіріс пен қаржы тақырыптары. Біз өкінішке орай, журналистика факультетінде бүгінгі қоғам өмірі мен оның тыныс-тіршілігі туралы немесе әртүрлі кәсіп иелері мен олардың өндіріс орындарының қызметі жайлы жалпылама білім алдық. Сосын бір күні педагогика, екінші күні спорт, тағы бір күні ғарыш тақырыбы туралы жазамыз. Осылай жүріп әрбір саланың басын ғана шаламыз. Тіпті ақпарат берушінің айтқан көп сөзін түсінбей, айтылған ойды дұрыс жеткізе алмай қалатын да жағдай болады. Дегенмен, мен ұлт үшін жасайтын еңбегінен журналистика мамандығынан асқан басқа мамандықты білмеймін. Журналистика ең соңғы заманауи технологиямен жарақтанып, кадрларының әрқайсысын ғылым докторы деңгейіндегідей етіп көтере алсақ, келешекте біз осы салаға байланысты жазылып жатқан көп оқулықтарды алмастырып жіберер ме едік деп те ойлаймын кейде. Күндердің күнінде сондай деңгейге жететін де сияқтымыз. Маселен, «Аңыз адам» журналының әрбір санын оқулық ретінде пайдаланып отырған тарих, әдебиет пәнінің мұғалімдері қазір де баршылық.   

www.anyzadam.kz сайтының ашылғанын білеміз. Жақында қазақ интернетінің жағдайы туралы дөңгелек үстел де өткіздіңіздер. Заман көшімен бірге электронды ресурсқа айналу алдында сияқтысыздар. Бірақ дәл қазір интернетке көшсеңіздер, сәтсіздікке ұрынып қалу қаупі бар ма?

− «Алаш айнасы» газеті Newsweek журналының интернет-сайт нұсқаға көшкенін тілге тиек етіп, бұл тақырыпты жақсы көтерді. Бірақ ол электроникасы мен информатикасы дамыған елдің халықаралық басылымы. Әр елдегі жеке-жеке баспаханалардан әр санын бастыру оларға тиімсіз. Олардың жазатыны да сол саясаттағы ірі қызметкерлер, аудиториясының басым көпшілігі электрондық құрал-жабдықтарды тұтынушысы болғандықтан, олар электронды нұсқаға өткен. Бір жағынан қаржыны үнемдесе, екінші жағынан олар жылдам ақпарат беруге көшті. Бірақ енді сол басылым ауысты екен деп басқалар да интернетке көшейін деп отырған жоқ. Біздің елде ауыл-аймақтардағы интернет пен компьтерлендіру үрдісінің қарқыны нашар, әлсіз. Еліміздің түкпір-түкпірінде отырған халықтың электронды нұсқаны оқи алатын мүмкіндігі ең аз дегенде он жылдан кейін болатын шығар деп ойлаймын. Ол үшін ауылдағы қазақтың әлеуметік жағдайы жақсаруы тиіс. Біздің anyzadam.kz сайтымызды ашудағы басты мақсат заман көшінен қалып қоймау және басылымның электронды мұрағатын жасау. Қазіргі жағдайда бұл сайт журналды насихаттайтын қосымша бір құрал ғана.

Ал жалпы келешекте технология дамып, барлық қызметті де бір ғана ұялы телефон атқаратын болады. Яғни, бір ғана ұялы телефонмен журналист диктафон арқылы сұхбат жүргізіп, оны бейнекамераға түсіріп те, фотоға түсіріп те, әрі аудиоға үнін жазып, газет-журнал нұсқасындағы сұхбатты өңдеп, түзеп шығып, газет-журналға да, кітапқа да, ТВ мен радиоға және сайт пен әлеуметтік желілерге де шұғыл түрде Жер шарының кез келген жерінде жариялай алатын мүмкіндікке ие болатыны және ең бастысы, оқырманның өзі де барлығын тек андройдтық ұялы телефон арқылы оқып, көріп-білетіні қазірден-ақ белгілі болып тұр. Соның ішінде журналистиканың дамуына да ғылым мен технология көмектеседі. Бірақ сол интернет технология келді екен деп кітап оқуды, газет-журнал оқуды ұмыта салмаймыз. Кеңес кезінде жастайынан қалыптасатын кітап оқу мектебі бар еді. Халық ешқашан сол өнерді компьютерге айырбастамайды. Газет-журнал да дәл солай жасай беретін болады. Бір сөзбен айтқанда электрондық сайт журналды алмастыра алмайды. Мен наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін ұзақ уақыт басқарып келген Ясен Николаевич Засурский деген атақты профессормен сұхбаттасып келіп едім, сол кісінің сөзін мысал ретінде айтып өтейін. Ол қазір қартайғаны болмаса, күні кешеге дейін өзі түске дейін Парижге немесе Берлинге ұшып барып дәріс оқып, түстен кейін Мәскеуге келіп жұмысында болатын адам еді. Оның сұхбатын «Жұлдыздар отбасында» жарияладым. Оның айтуы бойынша, интернет қағаз баспасөзді ауыстыра алмайды. Әлемдегі атақты басылымдардың өзі дәл осы пікірде және басылымның әлектронды нұсқасын басылымды толықтыратын қосымша бір бөлшегі ретінде пайдаланып отыр. Журналистикада қарсы әрекет немесе оқырманмен байланыс ұстау деген түсінік бар. Өзекті мәселеге байланысты бір пікір көтердің бе, оны сол электрондық сайттар, әлеуметтік желілер арқылы лезде тарата аласың. Ал газет-журналға келгенде оқырманның пікірін, көзқарасын тамыршыдай дөп басып біліп отырмаса, өте қиын. Электрондық нұсқаның артықшылығы осы. Қазақстанда газет-журналдың дамуына кедергі келтіріп отырған тағы бір фактор – еліміздің инфраструктурасы, орталық пен шалғай ауыл-аймақтың арасындағы жол-көлік қатынасы ойдағыдай дамымай отырғандығы. Сондықтан бүгін шыққан газет Алматыдан Оралға екі күннен кейін барса, қуанамыз. Ал сол арада қаншама ақпарат ескіріп кетеді. Сондықтан біздің журнал ескірмейтін материал жазады.

"Жұлдыздар отбасы" журналының әр мезгілде шыққан сандары

Қазірде біреудің ұяты мен масқарасын ашуды журналистер сенсацияға балап жүр. Жалпы қазақ басылымдарына деген сыныңыз бар шығар?

− Журналистиканың негізгі функциясы – шындықты көрсету. Қоғамның күнгей жағын да, көлеңкесін де көрсетіп, халықтың айнасы болуы керек. Халық білмейтін кейбір құпияны ашу керек деп ойлаймын. Бірақ сол құпияны ашудың екі мәселесі болады. Біріншісі сын айтып, құпияны ашып отырған адамның ой-өрісі мен ар-ұяты, жауапкершілігі қай деңгейде екендігі, ал екіншісі сыннан қауіп келе ме, келмей ме деген қорқыныш. Ал біздің сын айтушыларымыз қауіпті тақырыптан қатты қорқады. Тіпті көбіне әлі жететін адамды немесе биліктің рұқсат берген обьектісін ғана БАҚ бетінде талайды. Олардың арасында таза шындықты ашудан гөрі жеке басының есебін толықтырып жүргендер көп дер едім. Ал ірі мәселелерді көтеріп, қоғамның, ұлттың  проблемаларын айтып жүрген адамдар болса – мәселе басқа.

Аға, журналистика, қайткенмен де, мамандық. Сол арнайы маманданған тілшілер емес, орнына әдебиетшілердің, қаламер қауымның журналистикада нан тауып жүргеніне не айтасыз?

− Ақын-жазушылардың көпшілігі жас кезінде еңбек жолын журналистикадан бастайтынына таңғалуға болмайды. Адам және Қоғам өмірін тереңірек тани түсуге, қаламын ұштап, шығармашылық өнерін жетілдіре түсуге көмегі зор ғой. Оның үстіне, тілі шұрайлы қаламгердің жазған мақаласы басылымның көркемдік сапасын құлпыртып жібереді.

Шетелде таза шығармашылықпен шұғылданатын адамдар өз қамын өзі жасап, жеке кәсібін ашатын көрінеді. Біздің кейбір ақын-жазушыларымыз әлі күнге дейін ақын екенін, өнер адамы екенін саудалап, билік пен бизнес басшыларынан көмек сұрай береді. Не үшін десең, айтары сол – ақынмын дейді. Ақын болса, ол адам ең алдымен, өзі үшін жазады, сайып келгенде кез келген кәсіп пен өнердің иесі еңбегін көрсетіп қана халықтан өз бағасын алуы керек емес пе?! Осындай сана-сезімге кейде күлкің келеді. Неге солар Абайдың өмірінен үлгі алмайды екен. Абай би де болды, болыс та болды, жастайынан қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласымен қоян-қолтық араласты. Үзбей кітап оқыды, ғылыми ой-тұжырым жасады, сөз өнері мен саз өнерін жетік меңгеруге бар күшін салды. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіріп, хакім Абай дәрежесіне көтерілді. Ең болмаса, Абайға «ұқсап бағуға» тырысу керек қой. Әрине, көпке торпақ шашпаймын, шын ақындар бар және өлең құрастыруды кәсіпке айналдырғандар бар. Ондайларға Маяковскийдің «Ақын болу шарт емес, Азамат болу парызың» деген өсиетін еске салып отыру керек деп ойлаймын. Мен бұл ойды жас ақын-жазушыларға арнап айтып отырмын. Шын талантқа қолдау көрсетуіміз керек. Ол үшін шындықты өтіріктен айыруға мүмкіндік беретін қоғамдық жүйе қалыптастыру керек болар.

«Әр оқырман – менің жалғызым» деп жатады басылымдар. Бәріне бірдей ұнаймын деу немесе жалпақшешейлік көрсету дұрыс па? Сізде қандай принцип бар?

− Әр оқырман – жеке әлем, жеке тұлға. Осы тұста бұқаралық басылымдар мейлінше көптің көңілінен шығатын басылым болуға тырысуы керек. Сол оқырманмен байланысты күшейтіп, қажетін өтеп жатсақ, қане?! Әрине, көпке жағу қиын. Біз қоғамды әлеуметтік топтарға жіктейтін болсақ, соның мейлінше көп бөлігінің көңілінен шығуға тырысу - бірінші мақсат. Халықтың ішінде асылы да, жасығы да бар емес пе, сондықтан баспасөз тек қана ақпарат құралы немесе тауар емес, ең алдымен рухани тәрбие құралының рөлін атқаруға тиіс. Сол үшін де әрбір оқырманды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Оқырман жүрегіне Жақсылықтың нұрын себе білетін басылым болмасаңыз, еңбегіңіздің құны көк тиын. Ең керекті, ең пайдалы ақпарат қана оқырманның көңілінен шығады.

− Әңгімеңізге рақмет, шығармашылық табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан: Ардақ Құлтай


1549 3
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

  • Кәусар Мұң
    28 Маусым 2013, 12:50
    сұхббаттты оқып отырып, жер бетінде "журналистер" деген қауым болмаса қалай болар еді деп елестетіп кеттім))) негізі, дұрыс айтады: журналист болу үшін арнайы оқуын бітірудің қажеті жоқ, бітіргендердің қарқ қылып жүргендігін көріп жүрген жоқпыз, кей журналистерден техника,медицина мамандары жақсы жаза алады әрі не жазып...
    әрі қарай оқу
    отырғандарын түсінеді, біреуге түсіндіре алады

  • Сыр қызы
    30 Маусым 2013, 23:00
    Елге қызмет қылып жүрген адамдармен жеке өмір жайлы сұхбаттасу – расында, тек, «Жұлдыздар отбасы» журналына ғана тиесілі, тек, идеяны алып, «айнытпай салуға тырысып» жүргендер көп-ақ. Бірақ, неше журнал алдым қызығып ( өздері негізгі бетке көзге оттай басылар суреттер салып қояды, кейде «алданып» қалам ))), бірде-біреуінен...
    әрі қарай оқу
    мардымды дүние оқи алмадым, сары басылым деңгейінен асып түсер еңбек жоқ оларда, Аға айтып отырғандай, «Қайда тудың?», «Қалай өнерге келдің?» деген сұрақтармен «құтыла салуға» бейім...
    Ал, «Жұлдыздар отбасын» да, «Аңыз Адамды» да қалдырмай оқимыз, жалпы, халыққа деген, өзімізге деген сый-құрмет бар редакция тарапынан! Ұжымның еңбектеріне табыс тілейміз!!!

  • Ғазиза Ұзақ
    01 Шілде 2013, 16:10
    Екі журнал да өте қызықты. Берері мол, айтары бар баслымдар. Тек соңғы кездері журналға сол баяғы жұлдыздар, сол баяғы есімдер шығып жүр. Жыл басындағы концертте бір ағамыз "Жұлдыз, жұлдыз деп нағыз жұлдыздардан айырылып қалмайық" деп еді. Сол айтқан рас. Небір таланттар бар. "Жұлдыздар отбасы" оларды іздеп жүріп, халыққа...
    әрі қарай оқу
    танытса жақсы болар еді

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Миллиондарды жылатқан фильм

немесе Жетінші камерадағы ғажайып

Автор: Nazerke Smaghul

2 қыркүйек

білім күніне арнаған естелік қой.



Өнер білсең-өлмейсің

Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын


VSauce және AsapSCIENCE - жаңа мектеп (18+ы бар)

VSauce және AsapSCIENCE жайлы естіп па едіңіздер?


Біздің заман

Өткен шақта аксиоманы дәлелдеу міндет болмаған.




Айдарлар бойынша қызықты


Браузермен жұмыс істеуге арналған пайдалы батырмалар

Қарапайым пернетақтаның көмегімен әрбір орындалатын операцияның еңбегін қысқартып, жұмысын жеңілдететін...

Әлемдік жұлдыз «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

Астаналық көрермен С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеттік спектаклін жаңа орындауда тамашалайды. 19...

Жұлдыз жорамал: 01.09.2014 - 08.09.2014

Жұлдыздар ойға алғаныңызды алдымыздағы қаңтар айына дейін жүзеге асыру үшін маңызды жұмыстармен айналысып,...


"Ұлытау" экспедициясы күнделігінен #3

Экспедиция мүшесі болған тілшінің күнделігін оқи отырыңыздар.

Шымкентте Бекзат Саттархановқа ескерткіш орнатылды

Ескерткіштің ашылу салтанатына еліміздің даңқты спортшылары, Олимпиада чемпиондары мен зиялы қауым...

22. Adobe Flash - Жарнамалық баннер жасау

Бір түрлі реңнен тағы бір түрлі реңге өтіп тұратын жарнамалық баннерді қалай жасайды?



Соңғы бейнебаян

Super Junior - MAMACITA [қазақша субтитрлер]

Super Junior араға 2 жыл салып, MAMACITA альбомдарымен қайта оралды. Бұл топтың биылғы басты жаңалығы - топ лидері Ли Тык әскерлік борышын өтеп келді. Топ құрамына қайта қосылып, MAMACITA атты әндеріне бейнебаян да түсірді. Топ мүшесі Ынхек альбом туралы: «Біз бұл альбомға барымызды салып дайындалдық, себебі алдыңғы альбомнан кейін ұзақ уақыт өтті. Топтың барлық мүшелері өз үлестерін қосқандықтан, бұрынғыға қарағанда қобалжуымыз да көп»,- дейді. 

Аударма: Сымбат Әділбек

Тайминг: Kytti

Әрлеу: T.Kyuti


Bigbang - Stay [қазақша субтитрлер]

Big Bang тобы 2009 жылы Жапонияда дебют жасағаннан соң, бір жылдан кейін 2010 жылы «Big Show» атты үш күнге созылған концерттерін берді. Концертке 40 000-нан астам...


BTS - DANGER [қазақша субтитрлер]

Тамыз айының басында BTS тобы «Dark & Wild» атты толыққанды альбомдарымен қайта оралды. Осы ән-жинаққа енген әндері арқылы хип-хоп жанрына көшті. Danger - альбомның...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Тұран" тобы"Елім-ай"
"Алдаспан" тобы"Ұлы көш"
Роза Рымбаева"Асыл арман-ай"
"Алдаспан" тобы"Елге қайт" - сөзі: Роман Бұрқашев, әні: Ш. Омаров
"Алдаспан" тобы"Сағыныш" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Адай" - Құрманғазы
"Нұр" триосы"Астана"
БатырТы скажи
Нұржан Тәжікенов"Сағыныш"
Қорлан"Өмір күрес"

Жаңалықтар мұрағаты