Алматыға «Агата Кристи» тобының бұрынғы фронтмені Глеб Самойлов келеді

Алматыға «Агата Кристи» тобының бұрынғы фронтмені Глеб Самойлов келеді

Глеб Самойлов 28 қыркүйек күні Tengri FM ұлттық радиостанциясының ұйымдастыруымен «Тәңірі шыңында» жобасының алтыншы маусымының шеңберінде өтетін Event City Hall клубында ән айтады. Бұл күні оның «The Matrix» атты тобының ғана емес, әйгілі «Агата Кристи» тобының әндері айтылады. Шараға әділ қазылар үш апта бойы таңдаған «Тәңірі шыңында» жобасының сайыскерлері қатысады, ал Глеб Самойлов шараны түйіндейді, деп хабарлайды tengrinews.kz


Қатысушылар қатарына IFLY, "Алатау Джем" және "Hadn't tea" топтары кіреді. Глеб Самойлов секілді, барлық музыкант акустикалық бағдарламаларымен таныстырады.

«Біздің қатысуымызбен өткен электроника мен гитара кеші тамаша болды. Зал бізге қосылып биледі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ән айтты. Глеб Самойловпен өтетін жаңа акустикалық кеш біз үшін қызықты сынақ. Tengri FM-мен бірігіп алматылықтарға тағы бір ерекше кеш сыйлайтынымызға қуаныштымыз,  - деді өткен демалыста ұйымдастырылған «Тәңірі шыңында» концертіне қатысқан “iFLY” тобының мүшесі Ксения Сухомазова.

«Алатау Джем» тобының мүшесі Марина Попова  бұл тектес фестивальдар қазақстандық рок-топтарына үлкен стимул береді деген ойда. «Алда өтетін концерт бізді жаңа өлең шығаруға итермеледі. Тобымыздың атынан барлық қатысушыға жақсы дауыс, драйв пен сәттілік тілейміз!» - деді Марина. Күз бойы Алматыға Қазақстанның түкпір-түкпірінен рок-топтарының жиналатынын естеріңізге саламыз.

«Тәңірі шыңында» концерті бірнеше сессияда өтеді. Апта сайын музыканттар өзінің шығармашылығымен Event City Hall-да таныстырады. Концерттердің өтуін әр сессия мен ай соңында болатын концерттерге қатысушыларды іріктеумен айналысатын әділ қазылар қадағалайды. Қыркүйектік сессияның хедлайнеры болып 28 қыркүйекте Глеб Самойлов шығады. Концерт сағат 19.00-де басталады, кіру құны – 4000 теңге.

Самойлов рок-музыкасы әлемінің көрнекті өкілдерінің бірі есептеледі. «Агата Кристи» тобының ыдырауынан бір жыл өткен соң, 2010 жылы Глеб "Глеб Самойлов & The Matrixx" атты жаңа жоба құрды. Бұл топтың қоржынында бүгінде "Прекрасное жестоко", "Трэш" және "Живые, но Мертвые" атты үш альбом бар. 

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: nca.ru

Ф. Абилова