Жаңа "Дауыс International" тобының бейнебаяны көрермен сынына ұшырады

Жаңа "Дауыс International" тобының бейнебаяны көрермен сынына ұшырады

Жаңадан құрылған "Дауыс International" тобының тұңғыш бейнебаяны көрерменнің қатаң сынына ұшырады. Халық әні "Қамажайды" қайта өңдеп, ырғақты әнге айналдырғаны үшін қазақ көрерменінің көбі наразы. 

Бейнебаянда қыздар әннің бастапқы бөлігін үйреншікті әуенде бастап, қазақы көйлек, қазақы әшекейлермен табиғат аясында ән айтып тұрады, ортасына қарай әннің ырғағы жылдамдап, соған сәйкес би биленеді. Көптің наразылығын тудырған бейнебаянның осы тұсы. Кейбірі халық әнінің бұзылып айтылғанына наразы болса, басқасы қыздардың ашық киінгенін және бұл бейнелері қазақтың халық әніне еш сәйкеспейтінін айтады.

Дегенмен, клипті жақтаушылар да жетерлік. Олар қыздардың сұлулығы мен олардың әнді шебер орындайтынын, бейнебаянның сапасының да көңіл көншітерлік екенін айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын "Дауыс International" тобы тарап, бұрынғы мүшелердің орнына жаңа төрт әнші келген болатын. Ал топты қайта жаңғыртуға ұжымның бұрынғы мүшелері Әсел Сәдуақасова мен Рано Умарова атсалысты. Жаңа топ құрыла салысымен "Кетпе алыс" әндерін ұсынған болатын. Телеарналарда ротацияда болғанымен ән де, бейнебаян да аса танымалдыл болған жоқ.

Сурет: instagram.com

Автор: Диана Мамытбекова

A. Mustafina