Tengri FM тувалық әнші Радик Тюлюштің мультимедиалық концертін өткізеді

Tengri FM тувалық әнші Радик Тюлюштің мультимедиалық концертін өткізеді

Tengri FM ұлттық радиостанциясы 3 қазан күні Алматы қаласы "Достық Плаза" сауда орталығында көмейімен ән шырқайтын тувиндік әнші Радик Тюлюштің концертін ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ерекше келбетке ие деп айтылып жатқан шоу The Spirit of Tengri жобасы аясында болып, жаңа мультимедиалық форматта өтетін болады. Ұйымдастырушылар дәстүрлі этникалық бағытты үдемелі клубты, электронды дыбысқа қоса орындауды мақсат етіп отыр. Тувиндік музыкантқа белгілі қазақстандық DJ Нариман Исенов қосалқы музыкалық қолдау білдіретін болады. Tengri FM кеш қонақтарын ғажайып этникалық музыканың атмосферасына және табиғи дыбыстың сан алуан түріне енетініне уәде береді.

Tengri FM радиостанциясының креативті директоры Сергей Майборода орындаушының таңдауын түсіндіріп берді. "Ол әлемдегі этникалық музыканың көмеймен ән айтатын ең үлкен шеберлерінің бірі болып табылады. Оның жеке орындаушы ретіндегі мүмкіндіктері мен жан-жақтылығы таң қалдырады. Ол The Spirit of Tengri жобасының баға жетпес жауһары. Біз үшін Радик Тюлюшпен біріге, сондай-ақ, электронды дыбыстың сөзсіз шебері Нариман Исеновпен бір ортада, ерекше әуен мен дала сарынын қосатын атмосфералық шоуды ұйымдастыру үлкен абырой болып табылады", - дейді ол.

Ескерте кетсек, концерт Space мультимедиалық галереясында өтетін болады. Аталған галерея осы айдың соңына дейін жалғасатын Van Gogh Alive көрмесі арқылы бізге белгілі. Сонымен қатар, Tengri FM Space галереясының музыкалық нақышын алғаш ашушылардың бірі болады.

Естеріңізге сала кетейік, The Spirit of Tengri фестивалінде Радик Тюлюш ұлттық үрмелі және дыбыстық аспаптарымен композицияларын орындаған болатын. Радиктің вокалының ерекшелігі ол бір уақытта бірнеше нотаны орындай алатынында болып отыр. Сондай-ақ, ол Tengri FM радиостанциясының эфирінде өткен "Акустика. Жанды дауыс" арнайы бағдарламасының қонағы да болған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: tyulyush.wordpress.com

Ж. Өрісбай