Қыдырәлі Болманов Balbala атты қуаттағыш шығарды

Қыдырәлі Болманов Balbala атты қуаттағыш шығарды

Белгілі продюсер, кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Balbala атты қуаттандырғыш батарея шығарды, деп хабарлайды massaget.kz. Бұл туралы кәсіпкер өзінің instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

"Тағы бiр жақсы жаңалық, Қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса..." дейді Болманов. Оның айтуынша, Қазақстанға 47 елден ойыншық тасымалданады екен. Және осы нарықта қазақ өнімін де шығара алу үшін еңбектенетінін айтады продюсер. 

Бірақ balbala.kz ресми сайтында бұл туралы ақпарат әзірге жоқ. Отандық тұңғыш қуаттағыш батареялар алдағы күндерде шығады. 

Бұған дейін Қыдырәлі Болманов Bal-bala атты қазақ қуыршақтарын шығарған. Ойыншықтардың дистанциялық, айналғыш, интерактивті, авторлық, секіргіш және жұмсақ деген түрлері бар. Бүгінге дейін Қазақстанның әрбір аумағына арнайы тапсырыспен шығарылып таралып жатыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: season.kz

А. Құлтай