«Juniors» тобына кастинг жарияланды

«Juniors» тобына кастинг жарияланды

«Rin'Go-World» продюсерлік орталығында өнер көрсететін «Juniors» тобына кастинг жарияланды. Бұл туралы топтың продюсері Алуа Қонарова өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Продюсер топтан Әнуар Сарыбаев кеткендіктен осындай шешімге келіп отыр.

Әнуар Сарыбаев

Топқа қабылданатын орындаушы ер баланың жасы 21-ден аспауы керек және вокалдық, хореографиялық мүмкіндіктері жоғары, келбеті тартымды, еңбекқор, инабатты болуы талап етіледі. Сонымен қатар, топқа қабылданатын қатысушы үшін музыка хобби ғана емес, өмірлік ұстанымы болуы қажет деген ерекше талабы да бар. Аталған талаптарға сай келетін үміткер өзінің жартылай және толық бойымен тік тұрған суреттерін, сонымен қатар ән жазбаларын alua01@mail.ru поштасына жіберуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, продюсер Алуа Қонарованың басшылығымен 2013 жылдың тамыз айында құрылған «Juniors» тобы төрт орындаушыдан тұрады. Шығармашыл жастар көп әндерін өздері жазып, өздері орындайды. Топтың музыкалық продюсері «Rin'Go» тобының мүшесі – Батыр Байназаров. Осы уақытқа дейін топ бірнеше клип түсіріп, дебюттік «Айналайын» әні мен бейнебаяны арқылы жас тыңдармандардың жүрегін жаулап үлгерді. 

Сурет: vk.com

Дайындаған: Диана Мамытбекова

A. Mustafina