Бағлан Әбдірайымовтың үйіне ұры түсті

Бағлан Әбдірайымовтың үйіне ұры түсті

"Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымовтың үйіне ұры түскен. Бұл туралы әнші өзінің instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Әншінің айтуынша, ол қазір Алматыда емес, өзге қалада. Ұрылардың оның үйінен бағалы заттарды ұрлап жатқан сәтін Жұлдыз есімді қарындасы көріп қалған. Үй егесі келгенін білген ұрылар қаша жөнелген. Бағлан желіге шашылып жатқан үйінің суретін салып, былай деп жазады:

"Жарайсыңдар, қазақтар. Мен сiздер мен қайда жүрсем де амандығымды бiлдiрiп, сурет салып отырамын. Осыны пайдаланған қазақтар үйге тонауға келiптi. Ұрласа да сол майда-шүйде ұрының тiрлiгiн жасапты. Таныс ағам мен қарындасым Жұлдыз үйге келсе, есiк алдында қара Тойота Прадо "B 803..." (мемлекеттік номері) көлiгi тұр -, дейдi... Есiк алдында темекi шегiп, асықпай үйдi ақтарған, көре салып қашқан... (қорқақтар). Ұрланған заттармен қай жыртығын жамайтынын бiлмеймiн. Тек бip бiлерiм, бұл заттарым ақыретте маған сауап болып келетiнiн бiлемiн. Алла ол кiciлерге hидаят берсiн... Бәлкiм, менен де кеткен кемшiлiктер бар шығар. Соның есесiн ұрылар мен еселеп қойса Жаратқанға сансыз шүкiр. Менi бiр бай деп ойлап калған ғой... Әлi Алматыға келмеймiн, асықпай қалған заттарды әкетiңдер, Ұры мырзалар. Айтпақшы, менiң жанкүйерлерiм екен. Бүкiл мен киген киiмдердi, қара шамаданға салып қойыпты. Бiрақ, әкете алмаған!"

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі әзірге бұл оқиға жайлы ақпарат бермеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: скриншот

А. Құлтай