"Алдаспан" тобының мүшесі үйленді

"Алдаспан" тобының мүшесі үйленді

Тұңғыш рет электродомбырамен сахнаға шыққан "Алдаспан" тобының ритм-домбырашысы және сайтымызға домбыра үйрену видео сабақтарын ұсынып жүрген Бақытжан Желдербаев үйленді деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, қалыңдық Самарханова Назерке Семей қаласының тумасы. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасында білім алған. Екі жастың махаббаты осы қара шаңырақтың қабырғасында өрбіген. 

Бүгін Семей қаласында ұзату тойы тойланса, 21 тамызда Бақытжанның туған қаласы Байқоңырда үйлену тойы өтеді деп жоспарлануда.

Сайтымыздың атынан екі жасқа отбасылық бақыт, шаңырақтарының биік, босағаларының берік болуын тілейміз!

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: massaget.kz

А. Құлтай