«Жаңа толқын-2014» байқауының екінші күнінде Әлішер 4-ші орынға түсіп қалды

«Жаңа толқын-2014» байқауының екінші күнінде Әлішер 4-ші орынға түсіп қалды

«Жаңа толқын-2014» байқауының екінші күнінде Әлішер Каримов «Жаңа толқын-2010» байқауының жүлдегері, украиналық әнші Татьяна Ширкомен дуэт айтып, 70 ұпай алды деп хабарлайды massaget.kz

Құрамында Игорь Николаев, Леонид Агутин, Валерий Меладзе, Константин Меладзе, Филипп Киркоров және Игорь Крутой бар қазылар алқасы қазақстандық әншіге 70 қана ұпай берді. Екінші күн қорытындысы бойынша Әлішер Каримов армениялық Соня Рубенянмен жетінші орынды бөлісіп тұр.

Грузиялық өнерпаз Нуца Бузаладзе әзірге 151 ұпаймен бірінші орында келеді. Әлішердің алдында 6 қатысушы бар. Бірақ 150 ұпай жинап тұрған Вячеслав Рыбиков пен Виктория Петрик және 145 ұпайды жинап тұрған үш қатысушының (Нодар Ревия, Моника Линкитен, Юлия Плаксина) ұпайлары тең болуына байланысты кесте бойынша Әлішер Каримов 4-ші орында. 

Музыкалық байқаудың ақтық күнінде Әлішер «Әрине» атты жаңа әнін ұсынады. Композицияның сөзін ақын Талант Арынғали, әнін сазгер Ғалымбек Ісмағамбетов бұл байқауға арнайы жазған.  

Қатысушының аты-жөні:       1-ші күн        2-ші күн       Жалпы ұпай:    
Нуца Бузаладзе (Грузия)   76   75   151  
Әлішер Каримов (Қазақстан)   73   70   143  
Вячеслав Рыбиков (Украина)   73   77   150  
Виктория Петрик (Украина)   73   77   150  
Нодар Ревия (Ресей)   72   73   145  
Моника Линкитен (Литва)   71   74   145  
Юлия Плаксина (Ресей)   71   74   145  
Сэм Он (Израиль)   69   73   142  
Сона Рубенян (Армения)   67   76   143  
«О Генри» тобы (Ресей)   67   70   137  
Стас Шуринс (Латвия)   66   68   134  
Антонио Маджио (Италия)   65   66   131  
Лидия Исак (Молдова)   64   71   135  
Тайшон Колкуит (АҚШ)  

64

  71   135  
«Style Mix» триосы (Қырғызстан)
61   66   127  
Гледис Дамарис (Германия)   61   65   126  

Естеріңізге сала кетсек, байқаудың бірінші күнінде Әлішер 73 ұпай алып, украиналық қос әнші Вячеслав Рыбиков және Виктория Петрикпен екінші орынды бөліскен еді.

Биылғы музыка бәйгесіне әлемнің 13 елінен 16 қатысушы келіп отыр. Юрмала қаласындағы байқау өтетін «Дзинтари» концерттік залының ашық алаңы 30 мыңға жуық көрермен жинады. Фестиваль 27 шілдеге дейін жалғасады.

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: newwavestars.com

А. Құлтай