"Аштық ойындары – 3" фильмінің ресми трейлері жарияланды

"Аштық ойындары – 3" фильмінің ресми трейлері жарияланды

Авторлар соңғы тизерде сөз бергендеріндей «Аштық ойындары» фильмінің ресми трейлерін жарыққа шығарды.

Аштық ойындары фильмінің соңғы бөлімі – нағыз революция. Китнисс Эвердин (Дженнифер Лоуренс) өз тағдырын таңдап, қалауымен жүру мүмкіндігінен айырылды. Трейлерде ол президент Сноуге бұл ойынға мүлдем қатысқысы келмегендігін, бар болғаны жасы кіші сіңілін құтқарғысы келгендігін айтады. Киноның ең тартысты жері - аралда Китнесстің серігі болған Пит Мелларктің тірі болып, қарсыластар жағына өтіп кетуінде. Еліміздегі алғашқы көрсетілімі қараша айының 21 жұлдызынан бастап көрсетіледі. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kino.ru

Қ. Бүйенбай