Кіші Роберт Дауни «Темір адамның» жалғасына түспейтін болды

Кіші Роберт Дауни «Темір адамның» жалғасына түспейтін болды

Актер Marvel компаниясына жарияланатын кастингтің директоры болуды жоспарлап отыр екен. Бұл туралы актердің өзі variety.com басылымына мәлімдеген.

Өткен аптаның соңында Торонтода өтіп жатқан TIFF-2014 халықаралық кинофестивалінің аясында таныстырылған «Сот» («Судья») фильміне келген актер журналистерге берген сұхбатында «Темір адам» фильмінің төртінші бөліміне түспейтінін хабарлаған.

Журналистер одан «темір адамның» рөлін кім сомдайтынын сұрағанда ол Marvel компаниясының кастингпен айналысатын бөліміне директор болатыны туралы айтып әзіл-шынын араластырып жауап берген. Десе де, киностудиямен жасасқан келісім-шарт бойынша Кіші Роберт Дауни «Кек алушылар» секвелдерінде темір адамның сауытын екі рет киюі тиіс. Ал франшизаның үшінші бөлімі 2018 жылға жоспарланған.

Кіші Роберт Дауни түскен соңғы фильм «Темір адам 3» 2013 жылдың сәуір айында прокатқа шыққан болатын. Бұған дейінгі екі фильм 2008 және 2010 жылдары шыққан еді. Marvel комиксінің экранизацияланған нұсқасы тарихтағы ең көп көрермен жинаған фильмдердің бестігіне енген. Оның алдын ораған фильмдер тек «Аватар», «Титаник», «Кек алушылар» және «Гарри Поттер және Өлім Сыйы: екінші бөлімі» сияқты фильмдер ғана.    

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kinokadr.ru

А. Құлтай