Асылхан Төлеповтің фотосессиясы туралы қате ақпарат тарады

Асылхан Төлеповтің фотосессиясы туралы қате ақпарат тарады

Актер Асылхан Төлеповтің Қазақстан мен Канада кинематографистері бірігіп түсірген фильміне постері шықты деп хабарлайды massaget.kz. Постер Жас фотограф Игорь Югтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. 

Игорь Юг постерді өзінің жеке парақшасына сала отырып "Міне, Асылхан Төлеповпен постер стилінде жасалған кезекті коллаж" ("Вот и очередной коллаж стилизованный под постер с участием Асылхана Толепова") деп жазба қалдырған. Суретте Асылхан Төлепов бейнеленген. Ал фильмнің атауы жазылатын орында "Assyl" деген мәтін тұр. Десе де, фотограф Игорьге хабарласқанымызда бұл турасында ештеме де айта алмайтынын, оны кімнің қалай түсінетініне бас ауыртпайтынын жеткізді. Бұдан Асылхан Төлеповтың бұл фотосессиясы ешқандай да фильмнің постері емес, тек фильм постері стилінде жасалған фотосессия деп пайымдасақ болады.

Ал Жұлдызды Vk.com желісіндегі "Жұлдызды Instagram" атты қауымдастықта бұл сурет "Қазақстан мен Канаданың бірлесіп түсірген шытырман оқиғалы жаңа "Assyl" атты фильмнің постері, басты рөлде Асылхан Төлепов" ("Постер к новому Казахстанско-Канадскому приключенческому фильму "Assyl", в главной роли Aсылхан Толепов") деген атаумен шыққан. Жазбаға 400-ден астам лайк басылып, 20-ға жуық рет репост жасалған. Яғни түсірілмеген фильм туралы қате ақпарат тарауда. 

Естеріңізге сал кетсек, бұл фотограф "Ринго" тобының әншісі Данияр Өтегенді де әйгілі фильмнің постері секілді етіп фотосессия жасаған болатын. Данияр бұл фотосессияда америкалық атыс-шабыс туралы фильмнің бас кейіпкері секілді образды сомдаған.

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: Игорь Юг

A. Mustafina