Қазақстанда "Бізді Жыннан құтқар" фильмінің прокаты жалғасуда

Қазақстанда "Бізді Жыннан құтқар" фильмінің прокаты жалғасуда

Қазақстанда "Бізді Жыннан құтқар" фильмінің прокаты жалғасуда.

"Синистер", "Жер тоқтаған күн" атты бірнеше фильмімен белгілі болған режиссер Скотт Дерриксонның бұл туындысы ужас, триллер, криминал жанрларында түсірілген. Фильм сценарийі Лиза Колье Кул мен  полицей Ральф Сарчидің "Түннен қорық" атты кітабына негізделіп жазылған.

Сержант Ральф Сарчи өзі қызмет етіп жатқан Нью-Йорк қаласында бірнеше түсініксіз қылмыстың куәгері болады. Ол қаланы жындардан тазарту үшін  экзорцизм маманының көмегіне жүгінеді.

Фильмдегі басты кейіпкер Ральф Сарчидің рөлін сомдау Эрик Банға бұйырады. Актердің айтуы бойынша, бұл оның мұндай жанрда сомдап тұрған алғашқы фильмі екен. Бірақ ол киноға түсу үшін оған ең маңыздысы жанр емес, фильм мазмұны екенін атап өтті. Сонымен қатар, фильмдегі негізгі рөлдерде Эдгар Рамирес, Оливия Манн, Шон Харрис, Джоэл МакХэйл, Дориан Миссик, Антониетта ЛаВеккия, Скотт Джонсен, Валентина Рендон, Дэниэл Саули сынды актерлер ойнайды.

Фильмнің трейлерін төменнен көре аласыздар:

Фильмнің алдын ала көрсетілімінде көрермендерге фильм мазмұны бойынша қысқаша қойылым ұсынылды.

ffdfd

ddffd

vbvb

Фильмнің еліміздегі прокатына жауапты "Меломан" холдингінің маманы Нариман Әбиев картина көпшіліктің көңілінен шығатынына сенетінін айтты.

Егер сіз өткір сезімді ұнатушылар қатарынан болсаңыз, фильмге билет алыңыз. Фильм 2D форматында Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетілуде.

Автор: Томирис Сағындық

Сурет: ©massaget.kz

М. Бисембаева