Қыз алып қашу жайында фильм түсіріліп жатыр

Қыз алып қашу жайында фильм түсіріліп жатыр

Режиссер Асқар Бисембин қыз алып қашу жайында "Көңіліңе алма, бұл тек той", ("Ничего личного. Просто свадьба") атты комедиялық фильм түсіруде деп хабарлайды massaget.kz. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеп отыр.

Желідегі фильмнің түсірілім сәтіндегі суреттерінен онда белгілі шоумен Нұртас Адамбаев, КТК (КВН) жұлдызы Дәурен Айдарқұлов және Аружан Жазылбековалар түсіп жатқананын байқауға болады.

Express-k.kz хабарлағандай, фильм сюжеті бойынша, басты кейіпкер Азамат есімді жігіт өзінің Тимур деген досына қыз алып қашуға көмектеседі. Бірақ кейін ол өзі де өздері алып қашқан қызға ғашық болып қалады. Азамат бұл уақытта мафия тобына үлкен сомада ақша қарыз болады да, алып қашқан қыздың әкесі оның жасауына қомақты қаржы беретінін айтады екен. Оқиға осы сәттен басталады.

Режиссер Бисембин өзінің қарындасын да келісіммен алып қашқаны жайлы айтады. Айтпақшы, «Крестный отец»: «Ничего личного. Просто бизнес» деп аталатын әйгілі трилогияның атауын пайдаланған. Бұл фильм де үйлену тойы сәтінен басталады.  

"Ничего личного. Просто свадьба" фильмі келесі жылдың наурыз айында шығады деп күтілуде.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Асқар Бисембин

А. Құлтай