«Бастан ату 3» фильмінің әлемдік премьерасы болып өтті

«Бастан ату 3» фильмінің әлемдік премьерасы болып өтті

«Бастан ату 3» (Bullet to the Head 3) фильмінің Лондонда өткен әлемдік таныстырылымына Сильвестр Сталлоне, Антонио Бандерас, Уэсли Снайпс, Келлан Латс және Джейсон Стэтхем қатысқан. Кинофраншизаның бұл сериясына «Сумерки» фильмі арқылы таныс Келлан Латтс қосылып отыр.

Ұлыбританиядағы таныстырылымға фильмге түскен барлық жұлдыз қатыспаса да көрермендер Антонио Бандерас, Сильвестр Сталлоне және Джейсон Стэтхемді көріп қошемет көрсеткен.

Фильм сюжеті бойынша, бұл жолы атыс-шабыс фильмдерінің аңызға айналған кейіпкерлері әлемді ғаламдық апаттан сақтау жолында күреседі. Оларға қарсы Мэл Гибсон сомдайтын Конрад Стоунбэнкс есімді зұлым кейіпкер. Оған қарсы тұру үшін команда көшбасшысы Барни Рос (Сильвестр Сталлоне) жаңа батырларды іздестіреді.

Франшизада Сильвестр Сталлоне, Мэл Гибсон, Джейсон Стэтхэм, Джет Ли, Дольф Лундгрен, Терри Крюс, Арнольд Шварценеггер, Харрисон Форд, Антонио Бандерас, Уэсли Снайпс және тағы да басқалар ойнайды.

Фильмнің ресми трейлері

Әртүрлі ақпарат көздеріне сенетін болсақ, Сильвестр Сталлоненің бұл үш сериямен шектеліп қалатын ойы жоқ – ол 2015 жылы шығатын төртінші фильмнің сценарийін де жазып қойыпты.

Көрермендердің фильмге жасаған пародиясы

Айта кетейік, «Неудержимые 3» фильмінің таныстырылымына 3 апта қалғанда фильм бірнеше сайтта пайда болған. DVD форматында жарияланып кеткен нұсқасын 12 сағаттың ішінде BitTorrent арқылы 100 мың адам көшіріп үлгерген. Осыған байланысты, картинамен айналысқан Nu Image компаниясы фильмнің түпнұсқасын заңсыз түрде таратып жібергендермен соттасатынын да мәлімдеген еді. Ал Қазақстанда бұл фильмнің тұсаукесері қашан өтетіні әзірге белгісіз қалып отыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: woman.ru

А. Құлтай