Қытайлықтар өз «Аватарын» түсірмек

Қытайлықтар өз «Аватарын» түсірмек

Қытайлық режиссерлер Джеймс Камеронның «Аватар» атты фильміне бәсекелес бола алатын фильм түсіреді, деп хабарлайды interfax.kz Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап. Фильмді 3D форматында көре алатын боламыз.

Әзірге фильмнің аты – "Байняои" (Bainiaoyi). Фильм Оңтүстік Қытайдағы негізгі мекендеген чжуан деген халықтың фольклорын баяндайды. Сюжет бойынша Гука есімді жас жігіт "байняои" деп аталатын сауыт киімді іздейді. Бұл сауыт киімнің чжуан халқына қауіп төндіретін зұлым айдаһарды өлтіре алатын ғажайып күші бар.

«Біздің мақсатымыз "Байняои" фильмін атышулы романтикалық фэнтези-фильмге айналдыру. Фильмді «Аватармен» бәсекелесе алатындай еткіміз келеді»,- дейді Beijing Chinese Century медиакомпаниясының өкілі Чжао Сун. Чжао Сун – фильмнің продюсері.

Фильмді әйгілі "Аватар" фильмінің түрлі спецэффекттерімен айналысқан адамдар жасайды. Бұл мамандар «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің де монтажымен айналысқан екен. Бұдан басқа, жобаға «Терминатор 2» фильмі мен «Айдаһарды қолға үйрету» ("Как приручить дракона") мультфильмдерінің сценарисі де жұмылған. Режиссерлер 2015 жылы мамыр айында түсірілім жұмыстарын бастайды. Ал тұсаукесері 2016 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: epochtimes.ru

А. Құлтай