Сәбина келін туралы толықметражды фильм шығады

Сәбина келін туралы толықметражды фильм шығады

Осыған дейін KZландия телевизиялық шоуы болып келген жоба енді толықметражды фильм болып шығады. Шоумен Нұртас Адамбаев бұл фильмде басты кейіпкер Сәбинаны сомдайды.

«Сәбина келіннің шынайы оқиғасы» ("Правдивая история келинки Сабины") деп аталатын фильмнің сюжеті бойынша, Сәбина Қарсыбаева деген кейіпкердің қалайша ауылға келін болып түскені, ауыл өмірімен танысқаны жайлы баяндалады. Түсірілім жұмыстары Алматы облысының ауылдарының бірінде түсірілген фильмде Сәбина келін ауыл мен қаланың адамдарының образын өз дүниетанымымен бағалайды. Нұртас Адамбаевтың айтуынша, филмьде алматылық театр актерлері де ойнаған.

Нұртас Адамбаев, шоумен:

- Бұл фильм үлкендерге де, жастарға да қызық болады деп ойлаймын. Біз бұған дейін де белгілі бір аудиторияға емес, жалпы халыққа ұсынғымыз келген. Басты акцентті халқымыздың ерекшелігіне қойғымыз келді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tengrinews.kz

А. Құлтай