Алматыда бұрын-соңды болмаған киноконцерт өтеді

Алматыда бұрын-соңды болмаған киноконцерт өтеді

Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде бұрын-соңды болмаған мәдени іс-шара өткелі отыр деп хабарлайды season.kz порталы. Қазақстандық кинематографтар қатысатын айтулы кеш кино майталманы Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арналады. 

Киноконцертті ұйымдастырып отырған "Қазақфильм" киностудиясы. Бұл жобаның басты мақсаты – қазақстандық кинематографияның жетістіктерін көрсету, классикадан бастап заманауи фильмдерге дейін сараптама жүргізу.

Бағдарламаға кеңес кезіндегі көрермен жүрегін жаулаған және соңғы жылдары үлкен жетістікке жеткен 11  танымал кинокартина енгізілген. Олар төмендегідей:

"Біздің сүйікті дәрігер"

"Тақиялы періште"

"Қыз-Жібек"

"Транссібір эксперсі"

"Ине"

"Көшбасшы жолы"

"Жау жүрек мың бала"

"Шал"

"Алқызыл қоян туралы ертегі"

"Ер Төстік және Айдахар"

"Астана, махаббатым менің"

Ең сүйікті деген фильміңіздегі әдемі әуендерді Бибігүл Төлегенова, Байқал Белбаев, Нұрлан Әлімжанов, Берік Айтжанов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Дәулет Әбдіғаппаров, Фархат Әбдірайымов, Ерболат Тоғызақов, Төлепберген Байсақалов, Айнұр Ниязова, Әсел Сәдуақасова, Әнуар Нұрпейісов, Санжар Мәдиев, Асылхан Төлепов, Әлия Ануарбек, Аян Өтепбергенов, Құралай Анарбекова, Бибігүл Ақтан, Аша Матай, Дарья Александрова, Айдана Меденова, Салтанат Наурыз сынды қазақ кино өнерінің жұлдыздары орындайтын болады.

Жобаның қоюшы режиссері – Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" студиясының арт-директоры Максим Акбаров, композиторы – танымал музыкант Ренат Гайсин, продюсері – Игорь Цай. 

20 наурыз күні Республика сарайында өтетін бірегей жобада хореография, вокал, ұлттық музыка, сахналық драма, ең бастысы кино өнері паш етілетін болады. Алматыға ғана емес, бүкіл Қазақстанға абырой сыйлайтын керемет шоу болады деп сенеміз. 

Концертке арнайы шақыру билетпен ғана кіре аласыздар.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kazakhfilmstudios.kz, voxpopuli.kz