Күз: Әлемдік премьералар

Болашақ жаңа кинофильмдердің рейтингі:

Бұл жылдың күз мезгілі жаңа кинофильмдердің тұсаукесерлеріне толы болғалы тұр. Кинорежисерлер және продюсерлер мен прокатшылар жазғы демалыстан өздерінің сүйікті жұмыстарына қайта оралып, жаңа жобаларға білек сыбана кірісуде. Бүгін отандық кинофильмдерден ары да, бері де асып, әлемдік кино саласындағы премьераларға шолу жасамақпыз. Осы алдағы үш айда көрерменді кинотеатрларға сүйрейтін 11 кинокартина жайлы сөз қозғаймыз.

11. «Географ глобус пропил» (Ресей)


Жас биолог Виктор Служкин аз ғана жалақы үшін мектепке география пәнінің мұғалімі болып барады. Ол ұзақ уақыт бойы өзі жетекшілік ететін сыныбын тәртіпке саламын деп басын қатырады. Оқушыларымен бірде ұрысып, бірде табысып бір күні серуенге шығады. Мұнымен қоса әйелімен арасын жақсартамын деп, кішкентай қызын балабақшаға апарып, әкелем деп қарбаласқа түсіп жүреді. Бұл кинофильм – өзінің осы бір қарбаласқа толы күйбең тіршілігінен де ләззат алатын ер адам жайында. Туындыдан адамдар өздерін де табады, өзгені де тани алады. Желісі де, оқиғалары да бірінен-бірі өткен қызықты. Фильмнің режисері – Александр Велединский. Басты рөлдерде – Константин Хабенский, Елена Лядова. Кинофильм кейіпкерлер арасынан нағыз шынайы адамды сағынған көрермендерге арналған. Премьера ағымдағы жылдың 7 қарашасына белгіленіп отыр.

10. «Философы»  (Индонезия, АҚШ)


Джакарта халықаралық мектебінде тәлім беретін философия пәнінің мұғалімі өз студенттеріне эксперимент жасауға тапсырма береді. Тапсырма – логиканы іске қоса отырып ақырзаман бола қалған жағдайда кім тірі қалуға лайықты екендігін анықтау. Ойын отқа айналып кетеді. Кинофильмнің режисері – Джон Хаддлс. Басты рөлдерде – Джеймс д'Арси, Софи Лоу. Туынды ақылға құрылған триллерлер мен психологиялық ойындарға жаны құмар көрермендерге арналады. Фильмнің тұсауы 10 қазан күні кесіледі.

9. «Олдбой» (АҚШ)


Қарапайым жарнамашыны белгісіз біреулер 20 жыл бойы тығып ұстайды. Осыншама жылдан соң оны босатады. Бұл қадамға кімдер және не үшін барғандығы анықталу барысында жаңа жұмбақтар шешімін таба бастайды. Фильм шығыстық үлгіде түсірілген азиаттық бір танымал фильмнің римейкі саналады.  Кинофильмнің режисері – Спайк Ли. Басты рөлдерде – Элизабет Олсен, Шарлто Копли, Сэмюэл Л. Джексон. Фильм «Олдбой» кинотуындысының түпнұсқасы көңілінен шыққан көрермендерге арналған. Сонымен қатар бұл фильм шекспирлік үлгідегі драмаларды сүйетін көрермендердің де жанына майдай жақпақ. Премьера 21 қарашаға белгіленген.

8. «Игра Эндера» (АҚШ)

«Ер кезегі – үшке дейін» деген бар. Жатғаламшарлықтарға қарсы шабуылдың екеуі де сәтсіз аяқталғанымен, үшіншісінің жолы болады. Бүкіл әлем бойынша жерді соңғы әрі шешуші шайқаста қорғайтын таланттарға іздеу салынады. Кинолента жиырмасыншы ғасырдың ең үздік фантастикалық кітабы атанып, «Хьюго» және «Небьюла» сыйлықтарына ие болған Орсон Скотт Кардтың 1985 жылы жазылған романының желісінде түсірілген. Кинофильмнің режисері – Гэвин Худ. Басты рөлдерде – Эйса Баттерфилд, Харрисон Форд, Бен Кингсли. Жаңа фильм жұлдызды қақтығыстар мен әскери шабуылдарға толы туындыларды жақсы көретін көрермендерге және өзіндік жазу ерекшелігі қалыптасқан әлемдегі бірден-бір фантаст жазушының еңбегімен танысқысы келетін оқырмандарға арналады. Премьера 31 қазанға белгіленіп отыр.

7. «Пленницы» (АҚШ)

Екі кіп-кішкентай қызды белгісіз біреулер ұрлап кетеді. Олардың бірінің әкесі ұзақ уақыт ойлана келе, сот төрелігін өз қолына алып, өзінің қызының қайда екендігі жөнінде ақпарат алу үшін ұрылардың бірін қолына түсіреді. Бүкіл корольдік атты әскер мен корольдік әскери күштер енді оны іздей бастайды. Кинофильмнің режисері - Дени Вильнёв. Басты рөлдерде – Хью Джекман, Джейк Джилленхолл. Фильм психологиялық драманы сүйетін көрермендерге және Хью Джекманның табынушыларына арналмақ. Премьера 26 қыркүйекке белгіленді. 

 6. «Телекинез» (АҚШ)


Іші-сырты жұмбақ бүлдіршін қызбен қалжыңдасудың соңы жақсылыққа әкелмейді. Кэрри Уайт – мектепте үнемі мазаққа қалып жүретін ұялшақ қыз. Бір күні ол телекинез өнеріне әуестеніп алады. Нәтижесінде бітіру кешіне сыныптастары дайындап қойған сойқанның соңы қанды қырғынға ұласады. Фильм 1974 жылы жазылған Стивен Кингтың «Кэрри» романының желісімін экранизацияланды. Режисері - Кимберли Пирс. Басты рөлдерде – Хлоя Грейс Морец, Джулианна Мур. Кинофильм Стивен Кингтың мистикалық триллерлерін сүйіп оқитын жандарға арналады. Премьера 14 қарашаға жоспараланып отыр.

5. «Волк с Уолл-стрит» (АҚШ)


Джордан Белфорт – шектен тыс жолы болғыш адам болудың зияны барын дәлелдейтін бірден-бір жан. 1987 жылы Джордан Белфорт үлкен делдалдық кеңсе ашады. Одан соң қаржылық қулық-сұмдықты меңгереді. Оның ары қарайғы жолын экраннан тамашалауға тура келеді. Фильм "Белфорт" бестселлерінің желісімен жасалды. Кинофильмнің режисері – Мартин Скорсезе. Басты рөлдерде – Леонардо ди Каприо, Джона Хилл, Мэтью МакКоннахи. Фильм «табыс тарихының» табынушыларына арналады. Айтпақшы, режисер Мартина Скорсезе мен фильмнің басты рөлін еншілеген ди Каприолардың орындары да бір төбе ғой. Премьера 14 қазанға белгіленді.

4. «Гравитация» (АҚШ, Ұлыбритания)

 

Жер орбитасындағы миссия сәтсіздікке ұшырайды: Ғарыштағы кеме жасанды серікпен соғысып, ғарышкерлер ашық аспанға лақтырылады. Басқа шарасы қалмаған олар орбитада қалықтап, тамақсыз, сусыз тіпті ешқандай үмітсіз де тірі қалады. Фильм Венециялық кинофестивальде назарға ілігіп, белгілі киносыншылардың және әділ-қазылардың көңілінен шығып та үлгерді. Кинофильмнің режисері – Альфонсо Куарон. Басты рөлдерде – Джордж Клуни, Сандра Буллок. Премьера 3 қазанға белгіленді.

3. «Голодные игры-2: И вспыхнет пламя» (АҚШ)


Гладиаторлардың жекпе-жегі жалғасуда. Китнисс Эвердин мен Пит Мелларк қаһарлы Капитолия олардың отбасы мен достарының түбіне жетпес үшін Аренаға қайта оралуға міндетті. Былтырғы жылғы жеңімпаздарды жинаған Мерейтолық Ойындар алдыңғысынан да күрделі өтеді. Кинофильмнің режисері - Френсис Лоуренс. Басты рөлдерде – Дженнифер Лоуренс, Лиам Хемсворт. Фильм фантастикалық туындылардың кітаптары мен кинофильмдеріне құмар оқырмандар мен көрермендердің көңіліне майдай жағатын түрі бар. Премьера 21 қарашаға белгіленген.

2. «Риддик» (АҚШ, Ұлыбритания)

 

Тақырбас фуриялық Риддик қайта оралды. Үшінші фильм «Қара тесік» («Черная дыра») атты туындының түпнұсқасына көбірек ұқсамақ. Бізді енді қайтадан құмды ғаламшар, қараңғыдағы үрей мен неше түрлі Вин Дизельдер күтетін болады. Атақты соңғы фуриялық жайындағы франшизаның қайта оралуы – бұрынғыдан да үлкен экшнды талап етпек. Мұнда Риддиктің дөрекілік қылықтары да, авторлық қалжың-қағытпалары да жетерлік. Кинофильмнің режисері – Дэвид Туи. Басты рөлдерде – Вин Дизель, Карл Урбан, Кэти Сакхофф. Фильм Вин Дизельдің барлық өнерсүйерлеріне арналады. Премьера 12 қыркүйекке белгіленіп отыр.

1. «Тор 2: Царство тьмы» (АҚШ)


Сіздер сүйетін киноқаһармандар қайта оралатын болады. Олар – Асгардтың ханзадасы Тор және оның әкесі. Екеуі Асгард құрудың дәл үстінде тұрған кезде адасқан ұлдары Локиден көмек сұрауға тура келеді. Тор мен Локи қайтадан біздің экранымыздың сүйікті кейіпкерлеріне айналмақ. Демек бізді енді кезекті эпикалық айқастар мен күлкілі оқиғалар күтетін болады. Кинофильмнің режисері Алан Тейлор. Басты рөлдерде – Крис Хемсворт, Натали Портман, Энтони Хопкинс. Премьера 7 қарашаға жоспарланып отыр.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kinobar.net, kinotir.ru, re-actor.net, geekcity.ru, bit2bit.org


1165 7
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Амандық

жай ғана

Автор: Aida T

ОТ

От едім. Өшкелі тұрмын неге осы, Қайратым қайда арыстан жығар адуын?


Шалдың әңгімесі

Бастан кешкен қызық оқиға



Сүтті таңдап аласыз ба?

Ауылда тұрсаң сүттің тек бір түрін ішесің, қалада тұрсаң жағдай басқа.


ХХІ ғасырдың ең ірі апаттарының бірі

Бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы жағдай...

Автор: Ainaz K.M.



Айдарлар бойынша қызықты


Қарапайым өнертабыстар

Саусақты арнайы бөліктен енгізіп, экраннан шыққан адамды "қытықтауға" болады....

Бізде көше мәдениеті қалыптасқан ба?

«Жүре берсең, көре бересің» деген сөзді көшеге шыққанда айтсақ та болатындай. Қанша адам болса, соншама...

Махаббаттың түрлері

Бір қыз көп жігіттен сұқбат алып, артынша олардың барлығына да телефон нөмірін берген. Нәтижесінде ...


Велосипедті жалға алғыңыз келсе...

Велосипедке деген қызығушылығыңыз оянған болса, Алматы қаласындағы қандай орындардан велосипедті жалға...

Шүменов vs Хопкинс кездесуіндегі соққылардың статистикасы

Жартылай ауыр салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Бернард Хопкинс пен WBA суперчемпионы...

Google қызметтері: Сайтқа (блогқа) сауалнама орналастыру

Google ұсынған әр алуан қызмет түрлерінің ішінде блогқа, сайтқа сауалнама немесе белгілі бір іс-шараға онлайн...



Соңғы бейнебаян

T-ara - Apple is A + [қазақша субтитрлер]

Apple is A + топтың алғашқы бейнебаяндарының бірі. Ол 2009 жылы шыққан. Бейнебаянда басты рөлді Джиен және Сон Ходжун сомдайды, онымен қоса детектив пен көмекшісі және біраз T-ara перизаттар да кездеседі. Сұлу бойжеткен бір көргеннен келбетті жігітке ғашық болып, оны алма сиқыры арқылы қаратып алғысы келеді. Бірақ кішкене перизаттар келіп сиқырдың әзерін өзгертіп жібереді.

Аударған: Zhannur&Ainaz

Өңдеген: Ainaz


EXO - Black Pearl (FMV feat. SNSD Yuri) [қазақша субтитрлер]

2013 жылдың жаз мезгілінде EXO тобы ‘XOXO (Kiss & Hug)’ атты тұңғыш альбомдарын ұсынды. Сол уақытта олар “Wolf” әнімен камбэк жасаған болатын. 3 маусымда EXO Корея...


BTS - Boy in Luv [қазақша субтитрлер]

Осы жылдың басында BTS (Bangtan Boys) ‘Skool Luv Affair’ екінші мини-альбомдарын ұсынды. Альбомның "Boy in luv" басты әніне бейнеклип түсірілді. Бейнеклипте жігіттер актерлік...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Нұр" триосы"Астана"
Қорлан"Өмір күрес"
Роза Рымбаева"Жазым"
"Алдаспан" тобы"Керуен" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Арман"
БатырТы скажи
БатырОтпусти
"Алдаспан" тобы"Ақсақ киік" - Құрманғазы
"Алдаспан" тобы"Көңіл ашар" - Түркеш
"Алдаспан" тобы"Ұлы көш"

Жаңалықтар мұрағаты

Қазір сайтта

Барлығы: 1731
Қонақтар: 1719