Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

 

 

8 наурызда гүл шоқтарына ие болдыңыз ба? Олар солмай тұрып, ғұмырын ұзарту бойынша кеңестермен танысыңыз, ал егер ешқайсысы көмектеспесе,  оларды аяй бермей, лақтырыңыз! Гүлдің орнына, көктемнің керемет мерекесі 8 наурыздан алған әсеріңіз көңіліңізде ұзақ сақталмақ. 

 

12 наурыз - көшет егу мерекесі. Бұл күні далаға күрек арқалап, ағаш отырғызбасаңыз да, өзіңіздің бөлме гүлдеріне мереке ұйымдастырып, оларды баптап, суарып күтіңіз. Гүліңіз де жоқ па? Онда бұл күн -  соны сатып алуға жақсы себеп!


 

 8 наурызда мектептегі сүйікті мұғаліміңізді құттықтауды ұмыттыңыз ба? Әлі де кеш емес! Ұмытып не құттықтауға қолыңыз тимеген жандардың бәрін есіңізге алып, хабарлама жіберіп, не қоңырау шалып құттықтаңыз! "Ештен кеш жақсы" демекші, мұғаліміңіз де бір риза боп қалсын!


Көктем - жаңбырлы маусым. Сіз оған дайынсыз ба? Жаңбырлы күндері ең керек бұйым - қолшатыр. Оны таңдау және күту бойынша кеңестерімен танысып, жаңасын алсаңыз болады. Бұл кезде есте сақтайтын жайт: қолшатыр тек жаңбырдан құтқаратын бұйым ғана емес, сондай-ақ сәнді аксессуар. 


15 наурыз - Халықаралық тұтынушы құқықтарын қорғау күні. Өзіңіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды білесіз бе? Бұл күнді солармен танысуға арнап, болашақта құқықтарыңыздың бұзылуына жол бермеңіз! 


16 наурыз - Халықаралық ұйқы күні. Бұл мерекені қалай тойлау керек? Әлбетте! Жақсы ұйқымен! Ертерек жатып, ұйқыңызды әбден қандырып алыңыз. Ояңғанда жақсы әуен тыңдап, көңіліңізді көтеріңіз. Өзіңізге таңғы ас әзірлеп, күніңізді жақсы бастаңыз. Және де бұл әдетке айналып, әр күніңіз осылай басталсын.  


Көктем өзімен бірге романтикалық көңіл-күй әкелді. Сүйіктіңізді әдеттегідей кино, кафеге емес, саябаққа романтикалық кездесуге, не табиғатқа  бәйшешек жинауға апарыңыз не болмаса, шуақты күні қалаңыздың әдемі жерлеріне қыдыртыңыз.


1972 11
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 наурыз 2012, 10:00
Пікірлер
+0
11 наурыз 2012, 11:09

Керемет кеңестерді жадымызда сақтайық)

+0
11 наурыз 2012, 11:29

16 наурыз күні ұйқының түбін түсірмесем бе? )))

+0
11 наурыз 2012, 11:35

Асыға күткен көктем де келіп жетті. Көп ұзамай күн жылиды деп үміттенемін.

+0
11 наурыз 2012, 11:35

16 Наурыз туылған күнім) Ұйқы күні туылыптым ғой)

+0
11 наурыз 2012, 23:54

ұйқыбас)))

+0
11 наурыз 2012, 11:37

Ең ұнап тұрғаны 6-шысы болып тұр! Осындай күндер көбейе берсін)

+0
11 наурыз 2012, 11:40

15-нен 16-на қараған күні ұйықтау керек пе или 16-нан 17-не қараған түні ме?

+0
11 наурыз 2012, 11:52

екі түн де ұйықтай салыңыз, артық болмас)

+0
11 наурыз 2012, 23:55

он алтысы КҮНІ уйқы күні, яғни күндіз ұйқтау керек)

+0
11 наурыз 2012, 13:43

Көктем келді,
аяғым көктен келді....

+0
11 наурыз 2012, 16:56

Әр күнде тарих бар ғой. Солай емес пе?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...