Апта кеңесі

Апта кеңесі

Бұл апта кеңесі жігіттерге арналмақ. 8 наурыз мейрамына бүгіннен бастап дайындалыңыз! Сыйлықты әлі таңдап жүрсіз бе? Бірнеше күнде бұл мәселені шешкеніңіз жөн болар. Гүл алуды да ұмытпаңыз. Осы жолы ерекшеленіп, розадан басқа гүл сыйлағыңыз келмейді ме? Апта басынан сүйіктіңізге сый істеп, үйіңізді жинап қойыңыз. Мерекелік кешкі асты ұйымдастырып, тосын сый істесеңіз болады. Аптаңыз 8 наурыз мерекесіне дайындықпен өтері анық, мерекелік демалысқа берілетін 3 күнді қалай өткізетіңізді алдын ала ойластырып қойған жөн. Апта романтикалық кешкі аспен аяқталып, бұл ғашығыңызға да, сізге де ерекше, мерекелік көңіл беріп, үйіңізге көктем лебін әкелмек!

С. А