Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

Алдағы аптаның басты оқиғасы - көптен күткен көктемнің басталуы. Бұл кезде табиғат жанданып, жаңарады. Сіз де көктемнен әлдебір өзгеріс күтесіз....Бірақ, өзгерісті өзіңіз жасаңыз! Мысалы, ұялы телефоныңыздың дыбысын өзгертіңіз!

Соңғы рет кітапты қашан оқығаныңыз есіңізде ме? Кітап оқу ой-өрісті дамытып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Теледидар қарағанда қиялдамай, жай ғана отырасыз, миыңыз еш дамымайды, ал кітап оқығанда ойлау үдерістерінің бәрі қосылып, қиялыңыз шарықтап кетеді! Келесі аптада сүйікті кітабыңызды қайта оқып, не Massaget.kz редакциясының таңдауы атанған кітаптардың біреуін оқып көріңіздер!

Ескі достарыңызбен кездесу ұйымдастырыңыз. Кешті тамаша өткізіп, болған қызықтарды еске алып қайтыңыз. Өткен уақыт тұрғысынан өзіңізге қарап, қазіргі жағдайыңызға баға бере аласыз. Сондай-ақ, осы кездесуден кейін болашағыңызды да дұрысырақ жоспарлай аласыз.

Апта соңында өзіңізге демалыс жасап, сүйіктіңізбен не достарыңызбен кинотеатрға барып келіңіз. Жаңа басталған фильмдерден «Кейптаун» рұқсат коды атты киноны тамашаласаңыз болады. Аптасына бір рет болса да демалуға болады ғой! 

 Көктем - жаңа өмір. Осы кезде өткен өмірге көз жүгіртіп, орындалмаған армандар мен айналысқыңыз келген істерді еске түсіріңіз (би, спорт, гитара). Арманыңыздың алдында әлсіздік танытпаңыз. Ойыңызды іске асыратын кез жетті! Тіпті, ол Нью-Йоркқа саяхат не жалқаулықты жеңу болса да, ойлағаныңызды орындамай, арманда кетпеу үшін бар күшіңізді салыңыз...

Ауа-райы күннен-күнге жақсарып, дала жылынып келеді. Күннің шуағы әлемді жылылыққа толтырып,  көктем лебі сезіледі. Әне, әлдебір құс та шықылықтай бастады. Осы бір әсемдікті жаяу жүріп тамашалаңыз! Көбірек жаяу жүріп, өмірдің ғаламатын сезініңіз!


Қыстың соңы баршаға авитаминоз, күштің тапшылығы, бас ауруы мен әлсіздік, көңіл-күйдің түсуімен таныс. Шаштың түсуі де осы кезде көпшілік үшін өзекті мәселе. Осы дерттердің бірден-бір дауасы - бас массажы. Бас массажы қан айналымын ретке келтіріп, шаштың өсуін қалпына түсіреді. Бас ауруынан да жазып, көңіліңізді көтереді. Сондай-ақ....көктемдік сессияға дейін аз уақыт қалды. Миыңызға көмек беріңіз! Бас массажын жасап үйреніңіз.


Форумда ой бөлісейік.

2588 16
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 10:35

Алақай, көктем! Алақай, жаднама! ))

+0
24 ақпан 2012, 10:39

Көктемде келіп қалыпты ғой! Демалыс жариялап, киноға бару керек...)

+0
24 ақпан 2012, 10:53

мен көптен кездеспеген бүгін кездеспекшімін!

+0
24 ақпан 2012, 12:08

Мен көптен көрмеген достарыммен бүгін кездеспекшімін.

+0
24 ақпан 2012, 10:54

Барлық қыздарға көктем әсер етіп, куатын кездері гой бұл!!!

+0
24 ақпан 2012, 12:21

Ата, бұл апта не жоспарыңыз бар?

+0
24 ақпан 2012, 10:58

1. О! көктем келді. Ұялы телефоным қайда?!
2. "Прометей алауын" оқып қойғам.
3. Айлығы мен стипендиясын алған достар 1 апта бойы бір-бірінен қашып жүретін сияқты.
4. Айлық әлі түскен жоқ. Сол үшін шыдай тұру ләзім...
5. Күшімді саламын. Отжимание жасау керек!
6. Мен өмірдің ғаламатын күнде сезінемін. Таңертең және кешке. Жұмысқа барарда, келерде...
7. Бас массажын күнде жасатамын.

+0
24 ақпан 2012, 14:05

Осы идеяның авторының бетінен бір сүйіңдерші,қыздар-р!!

+0
25 ақпан 2012, 00:57

ер адам ба? кім екен құпия болмаса? ))

+0
24 ақпан 2012, 14:05

1. Көктем келгені, жауын-шашын басталды дегені. Сондықтан бұрын киіп көрмеген резеңке етік сатып аламын.
2. Оқитын кітаптар көбақ, сонын бір ең қызығын тауып алып оқимын. (Р.Кийосаки ж/е т.с.с.).
3. Кездеспегелі көп уақыт өтті (соңғысы 02.02.12ж.), осы аптада оны әлбетте іске асыратын кез келіпті.
4. Киноға баруды келесі аптаның еншісіне қалдырамын, өзіме толық демалыс күнін жариялаймын! (8 наурыз!!!)
5. Сәті түспей жүрген біраз ойлар бар. Гитара және ағылшын тілі. Бүгіннен ұстаздарды іздестіремін.
6. Резеңке етігімді алып алайын, аялдамадан үйге дейін жаяу барамын )))
7. Массаждың барлық түрі керек болып жүр, әсіресе бастың. Рахмет!!!

+0
24 ақпан 2012, 15:25

тамаша жазба екен!кеңестеріңізге көп рахмет!әсіресе жоғарыдағы суреттер әдемі екен!

+0
24 ақпан 2012, 16:22

жаңбырды сағындым мен!!!!!!!!!!!!!

+0
24 ақпан 2012, 16:22

бірақ қар үстіне жауған жаңбырда емес((((((

+0
24 ақпан 2012, 17:49

Қызық, осы жазбаны бүгін оқып отырмын. Ал жазбадағыларды осы дүйсенбіде бастап кеткенмін мен. Ары қарай жалғастыра берейін онда! ))

+0
24 ақпан 2012, 18:01

Іске сәт!

+0
25 ақпан 2012, 00:36

Көктем....мм...)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...