Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Редакция таңдауы - Смағұл Елубайдың "Ақ боз үй" кітабы. Редакциямыздың кітапқа берген рецензиясымен танысып, келер аптада оқып шығуларыңызға кеңес береміз.

ҰБТ-ға  санаулы-ақ ай қалды. Емтиханды тапсыруға дайындық ретінде Massaget.kz cайты жариялаған сынақ тестілеуінен өтіңіз. Ал мектепті бітіріп кетсеңіз, ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдістері мен тесттің өткізілу шарттары жайлы жаңа ақпаратпен мектеп түлектерімен бөлісіңіз.


Аязды қысты бастан кешіріп, еш күшіңіз қалмаған болса, сірә ағзаңызда дәрумендер тапшы болар. Қыстың аяғындағы авитаминоз - көп тараған көрініс. Оған дайын болыңыз. Жемістер мен көкөністерді молынан жеп, дәрумендер комплексін ішіңіз.


 Келер аптаның 20-жұлдызы – Масленица мерекесінің басы. Көпұлтты еліміздегі бұл мерекені атап өтетін христиан бауырларымыз көп-ақ. Бұл күні достар бір-біріне қонаққа барып, үлкен дастархан басында жиналады. Сондай-ақ,  Масленицаның ажырамас бөлігі құймақтар дайындалады. Өзіңіз де құймақ істеп, достарыңызды қонаққа шақыруыңызға болады. Құймақ мәзірі мына жерде.


 

Келе жатқан 23 ақпан - Отан қорғаушылар күні. Бұл мерекемен әке, аға, ата, бауыр, достарыңызды құттықтауға дайындалыңыздар. Сыйлықтар жайлы да ойланғаныңыз абзал. 

 

17 ақпан  - кенеттен мейірімділік көрсету күні. Осы күні ерекше мейірім танытып, қасыңыздағы достарыңызды ерекше ілтипатыңызбен қуантыңыз.

 

Келер аптада қала дүкендеріне киімнің жаңа көктемдік топтамалары түсе бастайды. Осы уақытты қалт жібермей, сәнді киім үлгілерінен құр қалмаңыз. Есіңізде болсын, ең сәнділері басында сатылып кетеді! 

 

Форумда талқылау.

3054 24
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 ақпан 2012, 14:20
Пікірлер
+0
17 ақпан 2012, 16:05

анау 5-ші тармақты алып тастағаныңыз жөн болады)))) Әйтпесе Бекболат аға Тілеуханға айтып берем!

+0
17 ақпан 2012, 16:24

)))))))))))), дегенмен менің әкем осы күні кәдімгідей құттықтау күтіп жүреді)))))))))))

+0
17 ақпан 2012, 16:32

ешкімге айтпай тойлауға болады )))

+0
17 ақпан 2012, 16:38

кеңесіңізге рахмет))))))))) ал "массагеттің" жігіттері, көбі жас қой, оларды, сендерді мамырда айқайлап тұрып құттықтайтын шығармыз онда))))))))))

+0
17 ақпан 2012, 16:42

күтем))) Күтеміз!

+0
17 ақпан 2012, 16:43

ол енді, не ғой, анау, қалай айтса екен)))))))))) 8-наурызға байланысты болатын сияқты))))))))))))

+0
17 ақпан 2012, 16:46

айналдырып әкеп "топ" еткіздіңіз, өзіңіз қу екенсіз ))) Наурыз келе берсін! Сыйлықтан құр қалдырмаймыз! Иә, жігіттер???

+0
17 ақпан 2012, 16:48

ақталғанды жек көремін, бірақ шын сөзім, ешбір "қу" ой болған жоқ))))))))) бірақ, күтем))) Күтеміз!
P.S.: өткен туған күніңізбен!

+0
17 ақпан 2012, 16:53

жоға, кей сөзіме көп мән берсмеңіз! Қазақ тіліндегі "күшейтпелі", "асыртпалы" шырайда сөйлейміз ғой)))
Туған күн демекші - 8 наурыздың сыйлығын сіздің маған бергелі тұрған туған күнімнің сыйлығына осы сайтта виртуально ауыстыра салғанға қала қарайсыз?)))

+0
17 ақпан 2012, 17:02

))))))))) басыма бәле тілеп алдым да?))))))))))))

+0
17 ақпан 2012, 17:05

8-наурыздың және 7-мамырдың сыйлықтары туған күнге байланысты болмасыншы, Абзал?

+0
17 ақпан 2012, 17:06

келістік! уақыты жеткен сәтінде көрерміз енді)

+0
17 ақпан 2012, 17:12

күтем))) Күтеміз! Алдын ала рахмет!

+0
17 ақпан 2012, 17:24

23-ақпанды көбіне Кеңес үкіметінде әскерде болған кісілер атап өтеді ғой. Ал жастарға маңызы шамалы деп ойлаймын.

+0
17 ақпан 2012, 16:48

Самсунг Галакси Ес деген телефонды қай қызға сыйлайын? Осы сайттағы?

+0
17 ақпан 2012, 17:23

Есте болар кеңестер екен. Осы жексенбіде кітапханаға барып, "Ақ боз үйді" оқуға алатын шығармын. Құймақ пісіріп, сол құймақпен шай ішуге де болады екен.

+0
18 ақпан 2012, 19:59

келесі аптада стилді киімдер жаңартылатынын тағы есімізге салдыңыздар. рахмет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...