Заманауи адамға қажетті дағдылар

Заманауи адамға қажетті дағдылар

Мектепте ғылымдардың негізін ғана үйретсе, жоғары оқу орнында дайын мамандарды әзірлейді. Әлемнің ешбір  білім беру мекемесінде күнделікті өмір үшін қажетті дағдылар үйретілмейді. Осыған байланысты танымал Reddit жүйесінің қолданушылары заманауи адамға қажетті дағдылардың тізімін жасап шығарды.

1. Тігуді үйреніңіз. Бұл, әсіресе, интернеттен арзан киімдерді сатып алуға құмарлар үшін пайдалы. Өйткені жейдеңіздің түймесін өзіңіз тігіп алсаңыз, біршама үнемдейсіз.

Картинки по запросу to sew

2. Алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніңіз. Өмірде не боларын болжап біле алмайсыз.

Картинки по запросу first aid

3. Қаржылық сауаттылық. XXI ғасырда қаржылық сауаттылығыңыздың болғаны өте маңызды. Тым болмаса базалық деңгейде үйреніп алуға кеңес береміз.

Похожее изображение

4. Интернеттің мүмкіндігін пайдаланыңыз. Әсіресе, Google жүйесін білу артық етпейді.

Картинки по запросу Google

5. Қажет кезде тіс жармау. Көп сөйлеймін деп кейде артық айтып жатамыз. Осының алдын алыңыз. Қажет сәтте үндемей қалудың өзі - өнер.

6. Балаңыздың бойына сыни ойлауды сіңіріңіз. Сондай-ақ аспаздыққа, қаржыны үнемдеуге үйретіңіз. Бұл балаңыздың өміріне өте қажет болады.

Картинки по запросу children

7. Айлығыңыздың қалай есептелетінін біліп алыңыз. Қандай салық төлейтініңізді, айлығыңыздың қанша пайызы сақтандыруға кететінін анықтаған жөн. Одан кейін әр сағатта неше төленетінін есептеп, соған қарай айлығыңызды шығарыңыз.

Картинки по запросу Job

8. Келіссөз жүргізе білу. Көлік не үй сатушылармен дұрыс сөйлесіп, саудаласып үйреніңіз. Қажет кезде «жоқ» дей білу керек.

Картинки по запросу conversation

9. Өзгелерді тыңдап үйреніңіз. Біреудің сөзін бөлген дұрыс емес.

Картинки по запросу conversation

10. Кешірім сұрай білу. Кез келген адам қателеседі. Сол себепті кешірім сұрау ұят емес.

Картинки по запросу sorry

А. Рысдәулет