Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

1. Көктемге аз ғана уақыт қалды. Табиғатпен бірге адамдар да құлпырып жүруге тырысады. Сондықтан, дайындала бастаңыз! Қыстан кейін бірнеше келі салмақ тастау ешкімге артық етпейді. Массагетке қосылып, бізбен бірге онлайн режимінде арықтаңыз. Толығырақ мына жерде.



2.  Қазіргі кезде скайп бағдарламасын екінің бірі қолданады. Скайпты ана тілімізде пайдалана алмай жүрсіз бе? Қам жемеңіз! Скайпыңызды қазақшалаңыз! 

3.  Сәнді болыңыз! Күн сайын ерекше болу түк те қиын емес. Күнделікті шашты жеңіл сәндеу үлгілерімен танысыңыз. Толығырақ мына жерде. 

4. Біздің белсенді қолданушыларымыздан үлгі алып, бізге материал жіберіңіз. Мысалы, Мақсат мұғалім, АКА, Лаура, Айнара және Мөлдірдің материалдары сайтымызда жарияланып үлгерді. Айтпақшы, соңғы қолданушы жіберген ас мәзірі бойынша, келесі аптада  орамжапырақ  мәзірін дайындауды ұмытпаңыз. 



5. Қыстың соңғы айы зымырап өтіп барады. Даланың үскірік аязы мен көшенің аппақ қары таудан шанамен сырғанаудың үлкен мүмкіндігі. Қапы қалмаңыз! Демалысыңыз сәтті әрі қызықты өтсін десеңіз, мына материалға көз жүгіртіңіз.

6.  Қазір оңтүстік-шығыс Азия елдерінің тағамдары өте танымал. Таяқшалармен тамақтануды үйреніп, сүйіктіңізді жапон, корей, тай мейрамханасына шақырсаңыз болады. Жұбыңыз бұл өнеріңізге таңдай қағары анық, сондай-ақ  ғашығыңызға таяқша ұстауды үйретіп, көңілін табарсыз деп үміттенеміз. 

Таяқшамен жеу - нағыз диета десек болады.

 Сондықтан қыздар қауымына таяқшамен тамақтанып үйренген өте пайдалы: азырақ жесеңіз, тойып қаласыз. Таяқшаны дұрыс ұстаудың қыр-сыры мына бейнебаянда! 


7. Көптен бері көріспеген достарыңызбен кездесіп, демалып қайтыңыз. Мысалы, караоке барға барып, айғайлап ән салып, әбден сергіп алыңыздар!



Сурет hombiz.ru сайтынан алынды.

С. А