АҚШ қара нәсілді Barbie жасап шығарды

АҚШ қара нәсілді Barbie жасап шығарды

Mattel компаниясы қара нәсілді Barbie ойыншықтарын «So In Style» деген атпен жасап шығарды, деп хабарлайды Associated Press.

Жаңа ойыншықтар сериясы алты түрлі кейіпкерден тұрады – Грейс, Кару, Триашель және олардың сүп-сүйкімді қарындастары Кортни, Джанесса, Кианну. Бұл Barbie-лердің бет-әлпетін жасаушы дизайнер Сейси Макбрайд-Ирби. Ол бұл қуыршақтарды өзінің 6 жасар қызы мен оның достарына ұқсатып жасаған екен. «Балаларым қуыршаққа қарап өздерін таныса, сосын қара нәсілді адамдар да сондай әдемі бола алатынын түсінсе деген ойым болған еді» дейді Сейси.

Тарихқа көз жүгіртсек, Mattel компаниясының ең бірінші қара нәсілді қуыршағы Colored Francie 1967 жылы шыққан. Ал 1980 жылы Black Barbie деген атаумен Mattel-дың ең танымал қуыршағы «дүниеге келген еді».

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: diary.ru

А. Құлтай