Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / «Esentai Mall» сауда орталығына сапар

«Esentai Mall» сауда орталығына сапар

«Esentai Mall» сауда орталығына сапар

Жақында Алматыда "люкс" санатына жататын «Esentai Mall» сауда орталығы ашылды. 6 қабатты алып сауда орталығында не қызық бар екен?

Алматы еліміздің қаржылық, коммерциялық және мәдени астанасы, сондай-ақ, Орталық Азия аймағындағы қаржы орталығы болып табылады. Сол себепті Алматыда осындай дәрежелі "люкс" сауда орталығының ашылуы - орынды құбылыс. 

Құны 450 млн. долларды құрайтын «Essentai Mall» жобасын Нью-Йорктегі Time Warner Center ғимаратын жобалауға қатысқан SOM сәулет бюросы әзірледі. 

«Esentai Mall» сауда орталығында 160 дүкен бар. Оның алты қабатының 9000 шақырым метрлік үш қабатына Saks Fifth Avenue жайғасты. Сауда орталығының жалға берілетін жалпы ауданы 52 000 шаршы метрді құрайды, оның ішінде кинотеатр, мейрамханалар мен кофеханалардың желісі орналасқан.

Ішкі интерьері өте ыңғайлы, тартымды жасалынған. Кең дәліздерде әлі құрылыстың иісі байқалса да, карта мен жол сілтеуіштер қажет дүкенді адаспай табуға көмектеседі. Қазірде тек 2 қабаты жұмыс істеп тұрған сауда орталығында жақында кинотеатр залдары, кафе, мейрамханалар мен дүкендер қатары ашылады деп жоспарланған.

Сауда орталығында "люкс" дәрежелі әлемдік атаққа ие Saks Fifth Avenue, Louis Vuitton, Gucci, Burberry, Dolce & Gabbana, Stella McCartney, Ralph Lauren, Fendi, Hilfiger  және Loro Piana сынды дүкендер бар.

Жаңа клиенттерді табу үшін аймақтың ең қарқынды дамып келе жатқан нарығына келген әлемдік брендтер сәндік индустрия тарихында жаңа бетті ашып отыр. Бұл сауда белгілерінің Алматыдағы, тіпті Қазақстандағы алғаш дүкендері болды. Дүкен сөрелеріндегі киім көзді қызықтырмай қоймайды.


Сауда орталығының жабық ашылу рәсімінде Ева Херцигова, Louis Vuitton компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Ив Карсель, атақты аспазшы Том Вульф және бір мыңға жуық танымал қонақтар болды.

Сауда орталығының ішінде осындай инсталляциялар аз емес.

«Esentai Mall»-дың орындықтары да ерекше.

Әйгілі Louis Vuitton сөмкесі

Кәдесыйлар дүкеніндегі мына қасқырдың бағасы 3500 доллар

Айта кетсек, Қазақстанда 12000 миллионер бар (1383 адамға шаққанда 1 миллионер), сонымен қатар, Алматы қаласында 5 миллиардер өмір сүреді.

Жаңа сауда орнын бүгінгі нарық көтере ала ма?

Дайындаған және суреттерге түсірген: Сания Аринова

3402 7
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 23 қазан 2012, 15:43
Пікірлер
+0
23 қазан 2012, 15:47

Барып көру керек екен.

+0
23 қазан 2012, 15:47

мықты екен! )

+0
23 қазан 2012, 16:08

Есентайдағы тауарлар бағасын қарапайым халықтың қалтасы көтермейді деседі ел. Дегенмен, бұндай орталықтар да керек-ақ...

+0
23 қазан 2012, 16:29

Теледидардан көрген едім, бір қыз үстіндегі киімінің бәрі кілен Louis Vuitton деп мақтанған. Бағасын сұрағанда Алматыдағы бір пәтердің бағасы деп жауап берді.

+0
23 қазан 2012, 17:34

Ойбайууууууууууууу, бағасы тым қымбат қой. Мынаның ішіне бір кіріп шыққанша, бір машина сатып алған дурыс сияқты

+0
23 қазан 2012, 23:19

5 миллиардер сауда жасайтын, біз саяхат жасайтын жақсы орын екен... Мен кинотеатрына ғана барамын. Офиске жақын.

+0
24 қазан 2012, 18:03

барып көру керек екен :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...