Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады

Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады
Фото: fonstola.ru

Әлемде талай қызық бар. Біз осының алдында ғана бірнеше қызықты деректер ұсынған едік. Бүгін соның жалғасын оқи отырыңыздар. Ойламаған дүниеңізді оқи қалсаңыз, таңғалмаңыз!

1. Бір жылан 3 жыл бойы ұйықтай алады. 

2. Теңіз жұлдыздарының миы болмайды. 

3. Жүзімді қысқатолқынды пешке салсаңыз атылады. 

4. Ми құрамының 85% судан тұрады. 

5. 13 санын бақытсыздық деп білуінен АҚШ-тың көптеген қонақ үйінде 13-ші қабатта бөлме жоқ. 

6. Етпен қоректенетін 600 түрлі өсімдік бар. 

7. Қытайда ағылшынша сөйлейтін адамдардың саны АҚШ-тағы адамдардан да көп. 

8. Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады. 

9. Бал – бұзылмайтын жалғыз тағам. 

10. Бірінші дүниежүзілік соғыста Франция елдегі бүкіл таксилерді кәмпескелеп, әскерлерін фронттарға осы такси көліктерімен тасымалдаған.

Ж. Жұмағұлов