Тез ұйқыға кету әдісі

 Тез ұйқыға кету әдісі
Фото: www.vokrugsveta.ru

Көптеген адамдар ұйқысыздық  ауруына шалдығып түнде мазасыз күй кешіп қиналып жатады. Әр нәрсені бір ойлап, қалың ойдың жетегінде жүріп, таңның қалай атқанынан білмей қалатын кездер бәріміздің де басымыздан өткен болар. Бүгін біз сіздерге ұйқыға тез кету үшін қажетті жаттығуды ұсынбақпыз. Ескере кететін жайт, бұл әдіс тек ұйқыға кету жолы ғана емес, зиянды заттардан арылу мен ағзаңызға қажетсіз нәрселерден тыю, агрессиялық жағдайларда өз-өзіңді ұстау мақсатында қолдануға болатын тиімді амал-тәсілі. Профессор Эндро Уэйлдің айтуы бойынша, айтылмыш жаттығуды күніне екі реттен, сегіз аптадай қайталап жасайтын болсақ, ағзамызда көптеген өзгерістер орнайды. 

Ол үшін тіліңізді таңдайыңызға апарып, төрт рет тыныс алып, кейін бір рет терең тыныс аламыз. Тілімізді сол орнынан қозғамауға тырысамыз. 4:7:8 теориясын есімізден шығармаған жөн. Төрт рет тыныстап, бірінші кезекте 7 секунд, екінші кезекте 8 секундтық уақыт мөлшерінен кейін барып тыныстаймыз. Осыдан бос денеңізді бос ұстаңыз. Жаттығуды жие қайталаған сайын нәтежие жиі болатынын ескерейік. 

Тәжірбиелік сабақ ретінде көптеп қолдану барысында тыныс демін түзейтін жаттығулардың өзіндік тигізер әсері көбірек. Мұндай жаттығулар адам ағзасын қалыпқа келтірумен қатар, эмоциялық жағдайыңыз бен көңіл-күйіңізді реттеп, кез-келген жағдаятта сабырлыққа әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, ұйқы безіңізді қалыпқа келтіреді. 
Айтылмыш жаттығуды қайталай отырып, тыныш әрі күнделікті дұрыс тамақтанып, ұйқыларыңыздың тыныш болуын қадағалаңыз.

М. Ақан