Жылына білейік!

Жылына білейік!
Фото: mhvida.com

Қыстыгүні тыныс жолдарының ауруларының себебі далада көп жүріп, тоңып қалу болуы мүмкін. Көшедегі минустық температура денсаулығыңызға әсер етпесе де, жалпы ол адам ағзасына ауыр тиеді. Суық күндері тоңып қалмау үшін не істеу керек?

Далаға шықпас бұрын, бір шыны ыстық шай ішіп алыңыз. Осылайша ішіңізде жылуды ұзаққа сақтай аласыз, сондай-ақ ішкі мүшелердің тонып қамауын қамтамасыз етесіз. Әсері қаттырақ болсын десеңіз, шайға тосап, лимон қосып ішіңіз. С дәрумені сізді тұмаудан қорғап, жылу сақтауға көмектеседі. Үйге кірісімен, тағы бір шыны шай ішіп қайта жылыныңыз. Жылынамын деп сусын ретінде алкогольді ішімдік ішкен дұрыс емес. Ол ағзаны ішінен жылытпайды, тек қан жолдарын кеңейтіп, ағзадан жылу бөлінуіне әкеледі. Нәтижесінде ағзаның жылуы таусылып, тез суи бастайды.

Далада ұзақ уақыт болсаңыз, қасыңызға жылы сусын алып жүрген дұрыс. Кішкентай термосқа құйылған шай немесе кофе тонып қалуыңызға бермейді.

Суық даладан үйге кіргеннен кейін біріншіден дене терісін құрғақ орамалмен ысқылап сүртіп жіберіңіз. Артынан жылы ванна қабылдаған дұрыс. Суға теңіз тұзы немесе эфир майын қоссаңыз болады.

Аяқ-қол бірінші кезекте тоңады. Сапалы, табиғи материалдардан тігілген, жылы, аяқ-киім мен қолғаптаралыңыз. 

Далада бір орында тұрмаңыз. Қимылдап, секіріп жүгіріңіз. Адамдар көп шоғырланған жақтармен жүріңіз.

Г. Берік