Түстегі сиқырлы сандардың құпиясы

Түстегі сиқырлы сандардың құпиясы
Фото: Мир космоса

Түс көру – кез келген тіршілік иесі үшін қалыпты жағдай. Түс көретін және мүлде түс көрмейтін, көрген түсін түбегейлі ұмытып қалатын адамдар да бар. Иә, бұл бүгінгі күнге дейін ғалымдардың зерттеу нысанынан түспей келе жатқан үлкен қасиет. Адамның бұл қасиеті оның кейде өмірімен де байланысты. Бірақ аңғара бермейміз.

Адам түрлі жанрдағы түстерді көруі мүмкін. Соның бірі түстегі сандар. Түсіңіздегі сандарға бағдар жасау арқылы сіз алда болатын оқиғаны болжай аласыз. Бұл нақты емес, бірақ сынап көруге болады. Ол үшін ежелгі ғылымның бір түрі «нумерологияға» жүгініп көрсек.

«Нумерология» ғылымы не дейді?

Түс көру кезінде түсіңіздегі сандарға жіті мән беріңіз. Бұл әрине қиын. Өйткені түс есте бір қалса, бір қалмауы мүмкін. Бірақ есте қалған жағдайда көрген саныңызды ұмытпаңыз. Ал аталған ғылым сандарды сиқырлы құпиясын шешуге себеп бола алады.

Неге назар аудару керек?

Адам түсіндегі сандар күні бойы өткерген тіршілігімен байланысты болып келеді. Бір қызығы түсіңізге сандар нақты бір сан ретінде кірмеуі мүмкін. Заттай да келеді. Мәселен үйдің ішінде тұрған заттардың саны немесе сізді қоршап тұрған, сізбен сөйлескен адамдардың саны. Мұның барлығын ескеру керек. Сіз түсіңізде жұмыстан қуыласыз және сол кезде қай күні, қай айда қашан қуылатыныңызды көруіңіз мүмкін. Міне, осы сандар құпиясын шешу арқылы өмірде дұрыс қадам жасай аласыз.

Түсіңізде ұялы телефонға терген нөміріңізді, біреуге айтқан сандарыңыз, құпия сандар – барлығын жаттап қалуға тырысыңыз. Кейін ол сандармен жұмыс істейсіз. Түс – жауабы бар тылсым құбылыс.

Сандар не дейді?

Түсіңізге кірген сандардың қысқаша баламасы:

0 – күнделікті айналып жатқан өміріңіз;

1 – білім, парасаттылық;

2 – әйел заты;

3 – ер адам;

4 – жер беті, әділеттілік;

5 – отбасы, яғни (2+3) қосындысы;

6 – тұрақтылық, ішкі жан дүниенің тыныштығы;

7 – құпияға толы дүние, қасиетті сан;

8 – мәңгіліктің белгісі;

9 – аяғыңыз ауыр болуы мүмкін, қайта туу;

10 – аяқталу үдерісі, нүкте.

Аталған сандар белгілі бір мәнге ие. Олар жұп болып, жеке дара да келуі мүмкін. Осы сандардың мәні арқылы сіз көрген түсіңізге сараптама жасай аласыз. Сандардың сырлы құпиясы сіздің алдағы болатын жоспарыңыз жайында немесе сәттілік жайында хабар беруі мүмкін. Әрине жағымсыз жағынан да келуі ғажап емес. Бірақ сақтанып жүресіз.

М. Ақан