Бай болғыңыз келе ме?

Бай болғыңыз келе ме?
Фото: Rabota5.ru

Бай болғыңыз келе ме? Бинес саласында жолыңыз болмай жүр ме? Ендеше, әлемдік миллиардер  Уоррен Баффеттің қағидаларына көз жүгіртейік. "Көріпкел" деген атпен әлемді мойындатқан тұлғаның кеңесі пайдаға жарары сөзсіз.

1. Егер өткен уақыттың сәл маңызы болса, онда әлемдегі ең бай адамдар кітапханашылар болар еді.

2. Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.

3. Кейбір адамдар науқандарға қалың көпшілік қызығушылық танытқанда көңіл бөле бастайды. Шын мәнінде, ешкім қызықпай тұрғанда көңіл бөлу қажет. Онсыз да танымал нәрсені сатып алып, табысқа кенелуге болмайды.

4. Бизнесте артқы көрініс айнасы алдыңғы айнадан әрқашан таза.

5. Ақшаны кез-келген ақымақ басқара алатын іске салу керек, өйткені күндердің күнінде оған бір ақымақ басшылық етеді.

6. Мен секіріп өтетін 7-футтық көлденең ағаш іздемеймін, аттап өтетін 1-футтық көлденең ағаштар іздеймін.

7. Сіз қанша жерден дарынды болып, қаншама күш-жігер жұмсасаңыз да, кейбір нәтижелерге қол жеткізу үшін тек уақыт керек. Тоғыз әйелді жүкті қылсаңыз да, бір айда бала таппайсыз ғой.

8. Акцияларды сатып алудың әлемдегі ең ақымақ және мағынасыз дәлелі – олардың бағасының өсуі.

9. Нашар басшылықтың нашар нәтижелерге реакциясы көп жағдайда нашар бухгалтерия болып жатады.

10. Өзіңнің терең орда жатқаныңды түсінсең, ең алдымен қазуды доғар.

11. Түскен табысты бірінші кезекте істің өркендеуіне жұмсаңыз.

12. Қарыз алуға үйір болмаңыз.

13. Өз ісіңізден, жетістіктеріңізден ләззат алып үйреніңіз. Өзіңізге көңіліңіз толып, алға ұмтылуыңызға осы күш береді.

14. Іс-әрекетте жылдам болыңыз. Нақты нәтижеге жету  жолында жұмыс жасаңыз.

Ә. Жутаева