Бақытты адамның 8 әдеті

Бақытты адамның 8 әдеті
Фото: кеңес, бақыт, бақыт туралы, дерек,

Біздің бойымызда түрлі қасиеттер бар. Кей қасиеттер жақсы жағынан да жаман жағынан да әдетке айналып кетеді. Бізді бақытқа жетелейтін әрине жақсы жағы. Осы оң шешім жасап, өмірін бақыттың жолына арнаған бақытты адамдардың сегіз әдетімен таныс болыңыз. Сізге де көмегі тиері хақ. 

1. Өзгелердің сіз туралы не ойлағаны маңызды емес 
Бақытты адамдар өзгелердің өсегі мен сөзіне қалмас үшін ол жайында мүле ойланбайды. Тіпті өзгелердің ол жайында айтып жатқан сөздерін сырып тастайды. Себебі осы өмірге лайықты бола білген сіз. Ал лайықты өмірді сүрген адамның соңынан жақсы да жаман да сөз ерері тағы бар. 

2. Тек қана жақсы жақтарын көру 
Бақытты адамдардың ерекше әдеті кез келген дүниені жақсы жағынан қабылдау. Жақсы бағалауға келмейтін жағдай болса да, олар өз саналарында жақсы дүние қалыптастырады. Бұл адамның өзін сенімді ұстауына әрі көтеріңкі көңіл күйіне байланысты. 

3. Әрқашан дос және сүйіспеншілікпен өмір сүру 
Бақытты адамдар бақыттың бағына жеткен кезде сіздің қандай ортадан шыққаныңызға да мән бермейді. Бастысы сізді қалай бар солай қабылдайды. Сізбен дос болуға, бауырмал болуға асығады. Жақын тартып сүйіспеншілікке баулиды. Бұл тәрбиелік мәні бар әдет. 

4. Көп күлуге, көңілді жүруге асығу 
Бақытты адамдар көп күлу үшін күш салады. Әрі көңілді жүруге асығады. Олардың өз ұрандары бар. Ол Уильям Джеймстің: « біз бақытты болу үшін емес, біз бақытты болғаннан кейін көп күлеміз» дейтін асыл сөзі. 

5. Бұл өмірде ешнәрсенің түзу бағытта бола бермейтінін сезіну 
Бақытқа жеткен адамдар үшін бұл өмірде мәңгі дүние және тек түзу бағыттағы нәрсе жоқ. Олар кез келген нәрсенің қателікке ұрынатынын біледі. Таяқтың екі ұшы бар екенін ескере отырып, оның тек жақсы жағын қабылдайды 

6. Шынайы өмір сүру 
Бақытты адамдар «кеше» немесе «ертең» деп өмір сүрмейді. Олар үшін келесі көктем, жаз немесе келесі жыл дейтін ұғым жоқ. Әр уақыттың қадірін сезіну арқылы барлық нәрсені өз уақытында үлгеріп жасауға болатынын тәжірибеден өткізген. Сондықтан болар, олар үшін алаңдау дейтін ұғым мүлде жоқ. 

7. Өзі арқылы әлемді өзгерту 
Бақыт жолында жүрген жандар әлемді өзгерту үшін біреуден емес, өздерінен бастайды. Яғни олар әркімні бақытты болуға лайық екенін сезінеді. Және соның жолында еңбектенеді. 

8. Іздену 
Бақытты адамдар ізденуден, білім мен ғылымды игеруден ешқашан талған емес. Олар үшін оқу және оны игеру мәңгілік қағида. Парасат шыңына жеткенше олардың бұл күресі жалғаса бермек. 

Аталған сегіз әдетті күнделікті өмірде пайдаланып көріңіз. Бәлкім сіз де бақытты адамдардың қасынан табыларсыз. Онысыз да өмір бір-ақ рет беріледі әрі оны бақытты қылып өткізуге сіздің құқыңыз бар! 

М. Ақан