Бүгінгі күн ең керемет күн екенін ұмытпаңыз

Бүгінгі күн ең керемет күн екенін ұмытпаңыз
Фото: nastolki.livejournal.com

Уақыт өткен сайын қырық құбылған дүниеге деген көзқарасыңыз өзгере бастайтыны шындық. Уақыт өтеді, жақын адам жатыңызға, досыңыз танысыңызға, тіпті керісінше жай бір танысым деп жүрген адамыңыз жақын сырласыңызға айналуы ғажап емес. Көпшілік адам осындай қиын сәтте құлазып, күйзеліске ұшырап жатады. Әрине, ойланған, мұңайған дұрыс. Дегенмен, құлдырап кетпеу қажет. Көз алдыңызда болып жатқан құбылыстарға бір сәт ой жүгіртіп, біз ұсынған мына бір кеңестерге құлақ түріп көріңіз. 

Өмірде бастысы – махаббат, қалғаны – бос әбігерлік. 

Ұнамаса, жасырмай айтыңыз. 

«Бүгінмен» өмір сүріңіз, себебі, «кеше» енді жоқ, ал «ертең» болмауы да мүмкін. 

Түсінбесеңіз қайталап сұраңыз. 

Кездескіңіз келе ме – кездесуге шақырыңыз. 

Бір нәрсе керек пе – ұялмай сұраңыз. 

Ешқашан дауласпаңыз. Дауласудың арты жақсылыққа апармайды.

Сізді түсінгенін қаласаңыз – үнсіз қалмаңыз. 

Кінәлі болсаңыз, ақталмай бірден мойындаңыз. 

Есіңізде болсын, әр адамның өз шындығы бар және ол сіздікімен жиі сәйкес келмеуі мүмкін. 

Ақымақтармен сөз таластырмаңыз. 

Көңіл көтеру үшін ақшаңызды аямаңыз. Құнсыз дүниеден жақсы естелік артық. 

Басыңыздағы проблеманы өзгеге айтпауға тырысыңыз, себебі, бәрін өзіңіз ғана шешесіз. 

Қоршаған орта сіз бар кезде де, жоқ кезде де тіршілігін жалғастыра беретінін ұмытпаңыз. 

Кез-келген сәттен ләззат алуға тырысыңыз. Бұл сәт ешқашан қайта айналып келмейді. 

Саясатпен айналыспауға тырысыңыз, ол адамды ашушаң қылады. 

Қырсық болмаңыз, ол сізге ешбір пайда әкелмейді. 

Теледидар көріп уақытыңызды кетіргенше, кітап оқыңыз. 

Сіз ешкімге ештеңе міндетті емессіз. Ешкім сізге ештеңе міндетті де қарыз да емес. 

Жалқылығыңызды жоғалтпаңыз. 

Өмірде тек өзіңізге ғана сенім артыңыз. 

Қарым-қатынасқа емес өз түйсігіңізге сеніңіз. 

Әйелдерге, балаларға сабырлы әрі жұмсақ болыңыз. 

Барлық әйел адамдарды аяңыз, себебі, әйелдердің өмірі қиын. 

Қиындықтан қорқудың қажеті жоқ. 

Спортпен шұғылданыңыз, қартайғанда өзіңізге ғана пайдасы тиеді. 

Мақсатыңыз бен арманыңыз болсын, егер болмаса мақсат қойыңыз, армандаңыз. 

Кешірімді бола біліңіз. 

Бүгінгі күн – ең керемет күн екенін ұмытпаңыз. 

Ж. Жұмағұлов