Қолға алу керек 7 іс

Қолға алу керек 7 іс

1.  Қаңтардың жиырма бірінші жұлдызы, демек ертең, Халықаралық құшақтасу күні. Мұндай сәтті қалт жібермеңіз! Таңертең оянып, отбасыңыздың мүшелерін құшаққа алыңыз. Мерекені сылтау етіп, өзіңіз ұнатқан қызды (немесе жігітті) тойғаныңша құшақтап алыңыз! Тек артық кетіп қалмаңыз!)

2.  23 қаңтар болатын Шығыс Жаңа жыл мерекесін кішкене отырыспен болса да, атап өтіңіз. Шығыс тамақтарын әзірлей алмасаңыз, базардан корей салаттарын алып, Шығыс Жаңа жылының аталу ерекшеліктері жайлы оқып, 2012 жылға шығыс күнтізбесі бойынша жорамалды  көруді ұмытпаңыз!

3.  Ұнап жүрген жаныңызды күттіре бермей, алғашқы кездесуге шақырыңыз. (Қыз болсаңыз да!!!)  Ал оған дейін алғашқы кездесуде өзіңізді ұстау ережелерімен танысқаныңыз жөн болар.

4. Жігіт болсаңыз, алдыңғы пунктты орындамас бұрын, Көңілін табу: Хитч әдісі киносын тамашалап, кез келген аруды сындыру әдістерін үйреніңіз. 

5. 2012 жылдың наурыз айында қорытындысы шығатын «Ел тұлғасы»  байқауына өз үлесіңізді қосып, қоғамдық қызмет, бизнес, мәдениет пен өнер, ғылым, спорт салаларында Қазақстанның тәуелсіз 20 жылы бойы еліміздің дамуына еңбектенген, «Ел тұлғасы» атағына лайықты жандарды анықтауға көмектесіңіздер! Дауыс беруге белсенді қатысайық!

6. Мамандық таңдаудың да кезі жетті. Ал егер сіз болашақ мамандығыңызды таңдап қойған болсаңыз, тәжірибеңізбен және мына мақаламен жас түлектермен бөлісіңіз.

7. Шоқыну мерекесінің аяздары да келді, қыстың ең қатал кезеңі басталды. Бас киімге қол сілтемей, ылғи киіп жүргеніңіз жөн. Шаштың көлемі мен сәндігін құртып алмауды үйреніңіз.


Суреттер anonymous8.com, 100dorog.ru, voha.blog.ru, kinolenta.kz, total.kz  сайттарынан алынды.

С. А