Конспекті жазудың ең тиімді жолы

Конспекті жазудың ең тиімді жолы
Фото: staffanstorp.se

Дәрісті не сұхбатты уақытында параққа түсіру – жауапты іс. Үлгермей қалсақ, бірінің басын, бірінің соңын жазып, бас-аяғын қоса алмай жататынымыз белгілі. Шаршы топ алдында сөз сөйлегенде өзекті мәселені естен шығарып алмас үшін, оқытушы оқыған дәрісті оңай жазу үшін сіздерге мынадай кеңестер ұсынамыз.

1. Парақшаларға бөлу

Парақтарды төртбұрыш бөліктерге бөліп, мәтіннің ішіндегі ең өзекті деген анықтамаларды, ассоциативті сөздерді жазып қою. Бұл әдіcті ел алдында сөз сөйлегенде қолданған тиімді.

2. Корнелла әдісі

Парақты үш бөлікке бөліп, алғашқы үлкен бөлігіне дәріс жазылады. Сол жақтағы орташа бағанға суретті белгілер мен кесте, сызбалар жазылады. Ал кішкене бөлігіне афоризм не нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың сөздері жазылады. Бұл Корнелла әдісі деп алады. Америкалық студенттер осы әдіспен конспектілейді. Мына әдіспен дәрістерді, сұхбаттарды түртіп отырған тиімді.

3. Тони Бьюзен әдісі


Парақтың ортасына шеңбер сызылып, шеңберге дәрістің негізі жазылады. Ал негізгі ұғымдарды шеңбердің жан-жағына түрлі-түсті қаламмен тармақтап жазсаңыз, есіңізде тез жатталады. Бұл әдіс дәріс жазып, сызба сызып отыруды қажет етпейді. Тони Бьюзен есімді ағылшын психологы бұл әдіс адамның көз арқылы жадта сақтау қабілетін арттырады дейді.

Г. Берік