Жұлдыз жорамал: 12.10.2015-18.10.2015

Жұлдыз жорамал: 12.10.2015-18.10.2015
Фото: rudaki.ru

Әр нәрсенің шегі болады. Қай істе болсын осы шекарадан өтіп кетпеуге тырысыңыз. Өтіп кеткен жағдайда сіз күтпеген соңғы нүкте қойылуы мүмкін.

 

Тоқты

Қызметіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Ол үшін күнделікті міндеттеріңізді жақсылап атқарыңыз. Нәтижесінде әріптестеріңіздің арасында жоғары беделге ие болып, бұдан да маңызды жұмыстармен айналысасыз. Сейсенбі күні басқа күндерге қарағанда өзіңізді жақсырақ сезінесіз. Күш-қуатыңыз артып, жаңа іспен айналысуға құмартасыз. Махаббат мәселесінде біраз өзгерістер болады.

Торпақ

Өзіңізді жақсы қырынан таныстыратын уақыт келген сияқты. Өнер адамдары үшін бұл гастрольдік сапар, фильмнің премьерасы, қойылымның тұсаукесері болуы мүмкін. Ал спортшылар жарыста жеңіске жетеді. Жұмысбасты адамдарға жарнаманы интернет арқылы жасауға кеңес беріледі. Ал ата-аналар баласына берген ізгі тәрбие үшін мақтан сөз естиді. Мүмкіндіктерді жіберіп алмас үшін белсендірек болуға тырысыңыз.

Егіздер

Ата-анаңыздан немесе қосымша жұмысыңыздан ақша аласыз. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңыз жақсарады. Тек отбасы мүшелерімен бірігіп әрекет жасауыңыз керек. Әрдайым жолым болады деп ойламаңыз, қалағаныңызға жету үшін аянбай еңбектеніңіз.

Шаян

Осы апта ішінде жаңа таныстар тауып, көп адаммен тіл табысасыз. Өміріңізді өзгертетін беделді адамдармен жолығасыз. Бірақ белсендірек болғаныңыз жөн. Әйтпесе бар мүмкіндікті қолдан жіберіп аласыз. Отбасын құру туралы шешім қабылдауыңыз да ғажап емес.

Арыстан

Қосымша жұмыспен айналысып, табыс көзін ұлғайтасыз. Бастығыңыздан қосымша ақша сұрауға ұялмаңыз. Сіздің еңбегіңіз осыған лайық. Бұрын-соңды ренжісіп қалған туған-туысқандарыңызбен қайта татуласасыз. Ал жеке өміріңізде үлкен өзгеріс болады.

Бикеш

Көптің көзайымына айналып, абыройыңыз артады. Жарнама саласында жұмыс істейтін болсаңыз, әбден жолыңыз болады. Жеке өміріңізде де үлкен өзгеріс болып, қуанышты жаңалыққа кенелесіз. Сейсенбі күні көп ақшаға немесе жаңа мүлікке ие боласыз.

Таразы

Құпия қолдаушыларыңыз пайда болады. Үй мәселесіне қатысты қиындықтар толықтай шешіледі. Нәтиженің жақсы болғанын қаласаңыз, жоспарларыңыз туралы ешкімге айтпаңыз.

Сарышаян

Осы аптада достарыңыздың саны артады. Беделді тұлғалармен танысып, олар сізге көмектеседі. Көптің алдында беделіңізді арттыратын қоғамдық жұмыстармен айналысыңыз. Дәрігерге қаралуды ұмытпаңыз.

Мерген

Пысықтығыңыздың арқасында көп ақшаға кенелесіз. Жұмыста белсенділік танытуға қысылмаңыз. Дүйсенбі және сейсенбі күндері достарыңыздың кеңесіне құлақ асыңыз. Бұрыннан бері танитын достарыңызбен бірігіп жаңа істі қолға аласыздар. Демалыстың қалай өтетіндігі сыртқы келбетіңізбен тікелей байланысты. Сондықтан сұлулық салонына баруды ұмытпаңыз.

Тауешкі

Көп адамға үлгі болып, нағыз көшбасшыға айналасыз. Қоғамның саяси өміріне белсенді түрде араласқаныңыз жөн. Өзіңіз мүше болып жүрген ұйымдардың проблемаларына назар аударыңыз. Аптаның соңына қарай жақсы жаңалық естисіз.

Суқұйғыш

Осы аптада ақшаға қатысты мәселелеріңізді реттеп алғаныңыз жөн. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Жүрегіңіз әрдайым таза болсын. Студенттер жаңа пәнді меңгереді.

Балықтар

Сүйіктіңізбен сөзіңіз жарасып, оның адал досына айналасыз. Ол өз кезегінде мансап жолында ілгерілеуіңізге көмектесіп, жаңа адамдармен таныстырады. Оған алғыс білдіруді ұмытпаңыз.

Қ. Бүйенбай