Өнертапқыш ұйқыдан оятатын ерекше құрылғы ойлап тапты

Өнертапқыш ұйқыдан оятатын ерекше құрылғы ойлап тапты
Фото: sevpsiport.com

Колин Фюрз (Colin Furze)- жас өнертапқыш. Ол әрдайым өзі ойлап тапқан үздік өнертабысын әлеуметтік желілер мен видеохостинтерге жариялайды. Жақында Колин ұйқысы қатты, таңертең тұруға қиналатын жандар үшін қызықты құрылғы ойлап тауыпты. Оның High Voltage Ejector Bed құрылғысы ұйықтап жатқан адамға бірінші белгі беріп шырылдайды екен. Ал бес минуттан соң оны төсегінен лақтырып жіберетінге ұқсайды. Бұл құрылғы көпшілікке ұнаса керек. Видео бір айда youtube желісінде үш миллиондай көрілім жинаған.

Н. Нұрмаханұлы